Мәслихаттың 2015 жылғы 27 мамырдағы № 224 «Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекетттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 27 мамырдағы № 224 «Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекетттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5683 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде «Біздің Торғай» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Ережедегі, 21-тармақтың 11) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы
Т. Мырзагалиев
Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы
С. Нургазин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.