Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитарлық инспекторы міндетін атқарушының 2016 жылғы 11 тамыздағы № 11-3/371 ұсынысы негізінде Тәңірберген ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұсақ мүйізді малдарының арасында пастереллез ауруының анықталуына байланысты Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округінің Саржансай ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тәңірберген ауылдық округ әкімі
Д. Тлеуов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.