"2016 жылға Қызылорда қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 4773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «2016 жылға Қызылорда қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №4773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2016 жылға Қызылорда қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №4773 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5292 тіркелген, «Ақмешiт ақшамы» газетінде 2016 жылғы 13 қаңтардағы №03-04, «Кызылорда Таймс» газетінде 2016 жылғы 13 қаңтардағы №1-2, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

    аталған қаулының 2-тармағы алып тасталсын.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда қаласының әкімі

    Н. Нәлібаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.