"Электр энергиясының орталықтандырылған сауда - саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 тамыз 2016 ж.

    «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда - саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50- бабының 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10550 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 сәуірде «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларында:

    30-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) жүйелiк оператор Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 691 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12562 болып тіркелген) бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес бекітілген тәртіпте сауда-саттықтың нәтижелерi бойынша электр энергиясын сатып алудың (сатудың) көлемдерiн келiспеген;».

    2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін ресми жариялауға жіберуді;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

    4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

    Қ. Бозымбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.