"Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 тамыз 2016 ж.

    «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9890 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

    23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «23. Газ желісі ұйымы беру жоспарының шеңберінде сатып алынған сұйытылған мұнай газын ұсынылған өтінімге сәйкес және «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 10-тармағын ескере отырып, өңірлердегі тұтынушыларға және (немесе) автогаз құю станцияларының және (немесе) газ толтыру пункттерінің иелеріне өткізуді жүзеге асырады.»;

    1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

    4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

    Қ. Бозымбаев

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрінің

    2016 жылғы 5 тамыздағы

    № 375 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасының ішкі нарығына

    сұйытылған мұнай газын берудің      

    жоспарын жасау қағидаларына        

    1-қосымша 

    Нысан

    Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің_____(жылғы)______(айы) арналған жоспары

    № р/с
    Бе­ру­ші­нің ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі
    Ай­мақ
    Ай­м­ақ­қа бе­ру­ге ар­нал­ған сұй­ы­ты­л­ған мұ­най га­зы­ның кө­ле­мі , тон­на
    Газ же­лі­сі ұй­ым­да­ры­ның ата­уы
    Әр­бір ай­м­ақ­қа мар­ка­ла­ры мен пар­ти­я­ла­ры бой­ын­ша бө­лу
    Әр бір пар­ти­я­ның ти­еу кү­ні
    Тү­сі­ру ор­ны, жет­кі­зу тә­сі­лі
    тех­ни­ка­лық бу­тан
    тех­ни­ка­лық про­пан- бу­тан
    тех­ни­ка­лық про­пан
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    Ескертпе: Беру жоспары мыналардан тұрады:
    1) № р/с – реттік саны;
    2) берушінің атауы, орналасқан жері - өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілердің, оның меншік иелерінің тізбесі және олардың орналасқан жері бойынша облысы;
    3) аймақ - газ желісі ұйымдарының өтінімдері бойынша сұйытылған мұнай газы берілетін облыс және республикалық маңызы бар қала, астана;
    4) аймаққа беруге арналған сұйытылған мұнай газының көлемі - Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемі;
    5) газ желісі ұйымдарының атауы - өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері сұйытылған мұнай газын өткізуге міндетті газ желісі ұйымдарының тізбесі;
    6), 7), 8) – сұйытылған мұнай газын маркалары бойынша бөлу: техникалық бутан, техникалық пропан-бутан, техникалық пропан.
    9) әр бір партияның жөнелтілген күні – шаруашылық жүргізуші субъекттердің арасындағы шарттық қатынастарға сәйкес;
    10) түсіру орны, жеткізу тәсілі - аккредиттеу туралы куәлікте көрсетілген газ толтыру станциясының мекенжайы және жеткізу тәсілі-темір жол көлігі және/немесе автомобиль көлігі.

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрінің

    2016 жылғы 5 тамыздағы

    № 375 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасының ішкі нарығына

    сұйытылған мұнай газын берудің      

    жоспарын жасау қағидаларына        

    2-қосымша    

    Нысан              

    ____________________________

    ____________________________

    (уәкілетті органның атауы)

    ____________________________

    ____________________________

    (газ желісі ұйымының атауы мен орналасқан жері,

    аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі мен күні)

    Сұйытылған мұнай газын беруге арналған өтінім

    Мәлімделген кезең _________________________                   (күнтізбелік жыл, айлар)

    Берілетін көлемнің барлығы, кг __________________________________ оның ішінде партиялармен

    Пар­тия № /ке­зең­дер
    Пар­ти­яда­ғы газ кө­ле­мі, кг
    Мар­ка­сы (тех­ни­ка­лық про­пан, тех­ни­ка­лық про­пан- бу­тан, тех­ни­ка­лық бу­тан)
    Бе­ру­ші
    Бе­ру­ші­нің ти­еу кү­ні
    Жос­пар­лан­ған өт­кі­зу кө­ле­мі, кг
    Бал­лон­дық өт­кі­зу үшін газ тол­ты­ру пункт­те­рі
    Топ­тық ре­зер­ву­ар­лық қон­дыр­ғы­лар
    Ав­то­газ құю стан­ци­я­ла­ры
    Өнер­к­ә­сіп­тік кә­сі­по­рын­дар
    Өз тұ­ты­нуы
    же­ке
    тыс­қа­ры
    көп пәтер­лі үй­лер
    Же­ке тұр­ғын үй сек­тор­ла­ры
    же­ке
    тыс­қа­ры
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    Жыл бой­ын­ша жиы­ны
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    Жеткізу тәсілі ____________________________________________________ (т/ж не автомобиль көлігімен - әрбір беруші үшін жеке)

    Түсіру орны_______________________________________________

    Басшы ____________________________

    Мөрдің орыны.

    Ескертпе: Газ желісі ұйымының өтінімінде:

    1) газ желісі ұйымының толық атауы мен оның орналасқан жері;

    2) оған жақын өндірушінің атауы мен оның орналасқан жері;

    3) сұйытылған мұнай газының жоспарланған көлемін тиеу күні және жеткізу тәсілі, газ толтыру станциясының орналысқан жеріне сәйкес түсіру орны;

    4) түрлері (пропан-бутан фракциясы, пропан, бутан), партиялары мен тиеу күндері бойынша бөле отырып, сұйытылған мұнай газын сатып алудың мәлімделген көлемі;

    5) аудандары және газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылар, автогаз құю станциялары және өнеркәсіптік тұтынушылар бойынша бөле отырып, мәлімделген көлемді жоспарланған тарату көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.