"Ұлттық холдингтердiң және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берiлген және (немесе) олардың меншiгiнде тұрған стратегиялық объектiлердiң және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншiгiнде тұрған стратегиялық объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық холдингтердiң және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берiлген және (немесе) олардың меншiгiнде тұрған стратегиялық объектiлердiң және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншiгiнде тұрған стратегиялық объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердiң және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берiлген және (немесе) олардың меншiгiнде тұрған стратегиялық объектiлердiң тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 74, 75-жолдармен толықтырылсын:
«
|
74.
|
«Хорасан-U (Хорасан-У)» бірлескен кәсіпорны» ЖШС акциялары пакетінің 33,98 %
|
|
75.
|
«Оңтүстік тау-химия компаниясы» бірлескен кәсіпорны» ЖШС акциялары пакетінің 30 %
»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншiгiнде тұрған стратегиялық объектiлердiң тiзбесiнде:
«Меншігінде cтратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 30, 31-жолдармен толықтырылсын:
«
|
|
30.
|
«Хорасан-U (Хорасан-У)» бірлескен кәсіпорны» ЖШС акциялары пакетінің 66,02 %
|
|
31.
|
«Оңтүстік тау-химия компаниясы» бірлескен кәсіпорны» ЖШС акциялары пакетінің 70 %
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К. Мәсімов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.