Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының негізінде Сәтбаев қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 01/09 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8-6-95 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 7 (1768) нөмірінде жарияланған);
2) 2014 жылғы 18 қарашадағы № 21/1 «Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы» 2010 жылғы 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 01/09 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2877 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 33 (2171) нөмірінде жарияланған);
3) 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 20/02 «Көшпелі сауданы жүргізу үшін орындар белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-106 болып, тіркелген, «Шарайна» газетінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 78 нөмірінде жарияланған.)
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының жетекшісі А.С.Нысанбаевқа жүктелсін.
Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы
А.А.Ыдырысов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.