Шет ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 мамыр 2016 ж.

    Шет ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қосымшаға сәйкес Шет ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының жетекшісі О.З.Стыбаевқа жүктелсін.

    Аудан әкімі

    М.Жандәулетов

    Келісілді:

    А.Әбілдин

    Ш.Жүніс

    М.Жонкина

    М.Мұхтаров

    Шет ауданы әкімдігінің

    2015 жылғы 06 мамырдағы

    № 21/03 қаулысына қосымша

    Шет ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі

    1. Шет ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы «Шет ауданы бойынша мүгедектер үшін және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» №13/01 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №8-17-135 болып тіркелген, 2012 жылғы 28 маусымдағы №26 (10 387) «Шет шұғыласы» аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;

    2. Шет ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы «Шет ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» №08/03 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №8-17-119 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 маусымдағы №24 (10.333) «Шет шұғыласы» аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;

    3. Шет ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы «Шет ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №01/02 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №2520 болып тіркелген, 2014 жылғы 06 ақпандағы №08 (10 473) «Шет шұғыласы» аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;

    4. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы «Шет ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №03/05 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №2999 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтардағы №04 (10 520) «Шет шұғыласы» аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;

    5. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Шет ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №06/01 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №3059 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 наурыздағы №18 (10 534) «Шет шұғыласы» аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;

    6. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Шет ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №06/02 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №3058 болып тіркелген, 2015 жылғы 06 тамыздағы №32 (10 548) «Шет шұғыласы» аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;

    7. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы «Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №07/01 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №3080 болып тіркелген, 2015 жылғы 06 тамыздағы №32 (10 548) «Шет шұғыласы» аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;

    8. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Шет ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №06/04 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №3081 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымдағы №24 (10 540) «Шет шұғыласы» аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;

    9. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы «Шет ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №08/04 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №3124 болып тіркелген, 2015 жылғы 06 тамыздағы №32 (10 548) «Шет шұғыласы» аудандық газетіне жарияланған) қаулысы;

    10. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №10/14 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №3164 болып тіркелген, 2015 жылғы 06 тамыздағы №32 (10 548) «Шет шұғыласы» аудандық газетіне жарияланған) қаулысы.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.