Балқаш қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Балқаш қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягуль Жаксылыковна Жаксылыковаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
А. Аглиулин
Балқаш қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «4» тамыздағы
№30/03
қаулысымен бекітілген
Балқаш қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
|
№
|
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны
|
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының айына жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)
|
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
|
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының айына
ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)
|
|
1
|
Балабақша
|
2698
|
23641,99
|
23641,99
|
1 жас 7 айдан 3 жасқа дейін - 8416,23 тенге
3-6 жасқа дейін - 10355,45 тенге
|
|
2
|
Мектепке дейінгі шағын орталық
|
1042
|
8895,47
|
8895,47
|
3-6 жасқа дейін - 10355,45 тенге
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.