Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 606-4-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына және 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналар:

    1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысаны;

    2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысанын толтыру қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;

    3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

    4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    Б. Сұлтанов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

    Министрінің міндетін атқарушы

    А. Цой

    2016 жылғы

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2016 жылғы 29 шілдедегі

    № 416 бұйрығына

    1-қосымша

    Нысан

    Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысаны

    р/с №
    Жеке тұлға бойынша мәлімет
    Көрсетілген медициналық қызметтің атауы
    Көрсетілген медициналық қызметтің соммасы
    Көрсетілген медициналық қымзетті растайтын құжат
    ЖСН
    Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
    Құжаттың атауы
    Құжаттың күні
    Құжаттың №
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2016 жылғы 29 шілдедегі

    № 416 бұйрығына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысанын толтыру қағидалары

    1-тарау. Жалпы ереже

    1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жүмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысанын толтыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Салық және бюджеттке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 606-4-бабы 1-тармағының 1- тармақшасына және 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысаны толтыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Мәлімет).

    2. Мәліметтерді денсаулық сақтау субьектілері:

    1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандар - веб-қосымша арқылы немесе хабарламаға кепілдікті жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы электронды тәсілмен және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады;

    2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар - хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынады.

    3. Денсаулық сақтау субьектілері Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарын алған күннен бастап, отыз жұмыс күні ішінде береді.

    2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысанын толтыру

    4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 156-9 бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес нысанда Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растайтын мәліметтер көрсетіледі.

    5. Мәлімет әрбір қарыз бөлігінде бөлек беріледі.

    6. Мәлімет өзіне мынадай деректерді қамтиды:

    1) 1-бағанда – жолдың рет нөмірі;

    2) 2-бағанда – жеке тұлғаның жеке сәйкестердіру нөмірі;

    3) 3-бағанда – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

    4) 4-бағанда – көрсетілген медициналық қызметтің атауы;

    5) 5-бағанда – көрсетілген медициналық қызметтің сомасы;

    6) 6-бағанда – көрсетілген медициналық қызметті растайтын құжаттың атауы;

    7) 7- бағанда – көрсетілген медициналық қызметті растайтын құжаттың күні;

    8) 8-бағанда – көрсетілген медициналық қызметті растайтын құжаттың нөмірі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.