Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 08 тамыздағы № 14-01/205 ұсынысы негізінде Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Алтықарасу ауылдық округінің «Арғыжақ бет» қыстағындағы «Нұрсұлтан», «Темірхан», «Шамшырақ» шаруа қожалықтары аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Алтықарасу ауылдық округінің әкімі:

    М. Шуиншалин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.