Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақтөбе облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 413 «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысының 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4623 тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);
2) 2016 жылғы 16 наурыздағы № 100 «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 413 қаулысына толықтыру енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4840 тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде «Ақтөбе» және 2016 жылғы 13 сәуірде «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған).
Ақтөбе облысының әкімі
Б. Сапарбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.