Тастөбе ауылдық округінің Тастөбе ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 4 ұсынысының негізінде Тастөбе ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданының Тастөбе ауылдық округінің Тастөбе ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қаратал ауданы Тастөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нурсултанова Жарқынай Адилхановнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Тастөбе ауылдық округі әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімін орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тастөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы
К. Солтанкулова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.