Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 23 ақпан 2016 ж.
Өркенді ауылындағы саябаққа атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14) бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өркенді ауылында орналасқан саябаққа Патсаев Қаныбек атауы берілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі
М.Ауаш
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.