«Азаматтық қызметші болып табылатын және аудандық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсызданыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы № 1151 қаулының күші жойылған деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 – бабының 1 – тармағының негізінде, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Азаматтық қызметші болып табылатын және аудандық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсызданыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Глубокое ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 1151 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 22 шілдесінде № 3408 болып тіркелген, аудандық «Ақ Бұлақ» газетінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 55 санында, «Огни Прииртышья» газетінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 55 санында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
Глубокое ауданының әкімі
К. Байгонусов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.