Оралмандар арасындағы аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйлер сатып алудың және оларға бірмезгілдік материалдық көмек төлеудің уақытша Ережссін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 28 маусымдағы XII сессиясының "Облыстық мәслихаттың 2000 жьшғы 25 желтоқсандағы "2001 жылғы облыстық бюджет туралы" № 8/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 12/1 шешіміне сәйкес, өзінің тарихтық отанына қайтадан келген репатрианттарға (оралмандарға) материалдық көмек көрсетудің қаржы шығынын тәртіптеу мақсатында, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оралмандар арасындағы аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйлер сатып алуға және оларға бірмезгілдік материалдық көмек төлеуге берілген уақытша Ереже бекітілсін.
2. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес оралмандар арасындағы аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйлер сатып алу жөнінде конкурстар өткізуді ұйымдастыруға көмек көрсетсін.
3. Құпия.
4. Осы шешімнін орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Ф. Сутуловқа жүктелсін.
5. Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2001 жылғы 25 шілдедегі №40 қаулысымен бекітілген "Оралмандар арасындағы аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйлер сатып алуға және оларға бірмезгілдік материалдық көмек төлеуге берілген уақытша Ереже" жарамсыз деп танылсын
Облыс әкімі
Қ.Нағманов
Облыс әкімиятының
2001 жылғы « 25 » қыркүйектегі
№ 61 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Оралмандар арасындағы аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін тұрғын үйлер сатып алудың және оларға бірмезгілдік материалдық көмектер төлеудің уақытша ЕРЕЖЕСІ
Оралмандар арасындағы аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін тұрғын сатып алудың осы Ережесі (одан әрі - Ереже) жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыны тиімді жұмсау үшін потенциалды жеткізушілер мен бағдарламаның әкімшісі (Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті) арасында тұрғын үйлерді сатып алу процесінде ■туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2001 жылғы 28 маусымдағы "Облыс әкімінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы "2001 жылғы облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 28 маусымдағы 12 сессиясының " Облыстық мәслихаттың 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "2001 жылғы облыстық бюджет туралы" №8/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 12/1 шешімі туралы" №33 қаулысын орындау үшін әзірленген.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мына түсінік пайдаланылады:
1) сатып алынатын тұрғын үйлердің түрі, мемлекеттік сатып алуға ұсынылған жекелеген тұрғын үйлер бірлігін білдіреді (жеке меншік тұрғын үй,пәтерҚ)
2) осы Ережеде сондай-ақ, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңда қарастырылған түсініктер,пайдаланылады.
2. Аудандар мен Петропавл қаласында оралмандар катарынан аз қамтамасыз етілген отбасыларна үй сатып алуды Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы жанындағы оралмандар үшін тұрғын үй сатып алу жөніндегі жұмыс істейтін конкурстық комиссия, оған комиссия құрамына еңбек жұмыспен қамту халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдерін қосымша енгізе отырып жүзеге асырады. Осы ретте сатып алу тәсілін таңдау «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес конкурс ұйымдастырушысымен анықталады.
3. Оралмандар үшін сатып алынатын тұрғын үйлер Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамаларыңда көзделген техникалық санитарлық және басқа да белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс және қоныстануға даяр ,болуы керек.
2. Тұрғын үйлерді сатып алу тәртібі мен ерекшеліктері
4. Оралмандар үшін тұрғын үй сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және жүргізуді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы іске асырады.
5. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көші-қон және демография басқармасының басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаларына сәйкес және өзінің құзіреті шегінде оралмандар Үшін тұргын үйлерді сатып алу туралы шешім қабылдайды, жергілікті бюджетте көзделген каржы шегінде сатып алынатын тұрғын үйлердің санын бекітеді және қаржыландыру үшін барлық қажетті құжаттарды қоса отырып, сатып алынған тұрғын үйлердің тізімін бағдарлама әкімшісіне ұсынады. Конкурстық процедураны дұрыс жүргізу жауапкершілігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы басшысына жүктеледі.
6. Бағдарламаның әкімшісі - еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті оралмандар қатарындағы аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін тұргын үйлерді сатып алады, тиісті құжаттарын ресімдеген соң олардың тізбесін, ілгеріде оларды аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің коммуналдық меншігіне одан әрі беру үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру жөніндегі комитетке жібереді.
7. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері сатып алынған үйлердің балансын ұстаушыны анықтайды және тұрғын үйлер мен олардың тиісті құжаттарын қабылдау жөніндегі жұмыстарды үйымдастырады.
3. Оралмандар үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлу тәртібі
8. Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы "Оралмандар үшін республикалық бюджеттен бөлінген бөлінген қаржыны •мақсатты пайдалану туралы Ережені бекіту туралы" №1194 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің квотасынан тыс көшіп келген оралмандарға, аз қамтылған азаматтар ретінде, жергілікті бюджеттен бірмезгілдік материалдық көмектер көрсетуге қаржы бөлінеді, олар келесі шығындарды жабуды қамтиды:
- отбасы басшысына бірмезгілдік жәрдемақы - 15 есептік айлық көрсеткіш мөлшерінде, әр отбасы мүшелеріне - 10 есептік айлық көрсеткіш мөлшерінде;
- әрбір оралманның жүрісін, жол құжаттары (әуе көлігінен басқасы) ұсынылған жағдайда, нақты шығындар бойынша төлеуді, бірақ 10 есептік айлық көрсеткіштен артық емес көлемде;
- оралмандар отбасының жеке мүлкін көшіру шығыны, көлік қызметі көрсетілгендігі туралы құжаттар ұсынылған жағдайда төлеуді, бірақ сомасы отбасына 50 есептік айлық көрсеткіштен артық емес көлемде;
- қолданылып жүрген заңдармен қарастырылған басқа да шығындар.
9. Оралмандар арасындағы аз қамтылған отбасылар үшін бірмезгілдік материалдық көмек төлеу облыстық көші-қон мен демография басқармасымен бекітілген тізім негізінде төленеді.
4. Қаржыландыру тәртібі
10. Бағдарламаның әкімшісі - еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті тұрғын үйлерді сатып алу жөніндегі төлемді тапсырыс беруші мен жеткізуші арасындағы сату - сатып алу келісім- шарты, тұрғын үйдің теникалық төлқұжаты қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы конкурстық комиссия хаттамасы негізінде , екінші деңгейдегі банк филиалдарында ашылған жеке есеп шотына ақша аудару жолымен жүзеге асырады.
11. Облысқа квотадан тыс көшіп келген оралмандар арасындағы аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін бірмезгілдік материалдық көмек екінші деңгейдегі банк филиалдарында алушылармен ашылған атаулы есепшотына тиесілі ақша қаржысын аудару арқылы төленеді.
Кәмелетке толған отбасы мүшелерінің тілектері бойынша және ол тиісінше ресімделген жағдайда, қаржы отбасы басшысының есепшотына аударылуы мүмкін.
5. Есеп пен есептілік жөніндегі тәртіп
12. Облыстық көші - қон және демография басқармасы оралмандар арасындағы аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін тұрғын үйлерді мемлекеттік сатып алулардың өткізілгендігі туралы есеп пен ақпаратты бағдарламаның әкімшісіне тапсырады.
6. Қортынды ережелер
13. Оралмандар арасындағы аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйлер сатып алудың және оларға материалды көмек төлеудің уақытша Ережесі республикалық органдар тиісті нормативтік - құқықтық актілер қабылдағанша қолданылады.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.