Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субьектілерін қаржылық қолдау туралы
«Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдармен кредиттер беру ережесін бекіту туралы» № 1440 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 9 сәуірдегі № 478 каулыларын орындау үшін облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кәсіпкерлік субьектілерін кредиттеу облыстық мәслихат сессиясының жыл сайынғы қаржылық жылға бекітетін көлемде жасалсын. 272.80 «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті кредиттеу үшін»
2. 272.81 «Экономика салаларын колдау және дамыту үшін кредиттеу» бағдарламаларының әкімшісі болып Солтүстік Қазақстан облысының бизнесті колдау жөніндегі басқармасы айқындалсын.
3. Қоса берілетін мыналар бекітілсін:
облыстық бюджет қаржысы есебінен кәсіпкерлік субьектілерін кредиттеу тәртібі туралы ереже;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлікті дамытудың болжамдылық бағыттарының тізбесі;
кәсіпкерлік субьектілерін қаржылық қолдау жөніндегі комиссия туралы ереже;
кәсікерлік субьектілерін қаржылық колдау жөніндегі комиссияның құрамы
4. «Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субьктілерін қаржылық колдау туралы» облыс әкімінің 2000 жылғы 12 қыркүйектегі № 176 және «Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субьктілерін колдау туралы облыс әкімінің 2001 жылғы 12 қыркүйектегі № 176 шешіміне толыктырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 18 каңтардағы № 5 шешімдері күшін жойды деп саналсын.
5. Осы каулының орындалуын бақылау облыс әкімінін орынбасары Ф.Сутуловқа жүктелсін
6. Шағын бизнесті қолдау жөніндегі басқармасы (Қабиев Н.Е.) осы қаулы БАҚ -да жарияласын.
Облыс әкімі
Қ. Нағманов
Облыс әкімиятының
2001 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 63 қаулысымен Бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлікті дамытудын басымдылық бағыттарының тізбесі
мал шаруашылығын дамыту;
қүс шаруашылығын дамыту;
орман өсіру, ағаш дайындау және олармен байланысты қызметтер;
балық аулау және балық өсіру;
тау-кен өнеркәсібі;
ұксату өнеркәсібі;
құрылыс;
көлік және байланыс;
табиғи дәрі-дәрмектік шикізаттарды дайындау және өңдеу, сондай-ақ дәрмектік құралдар, байлап-таңу және санитарлық-гигиеналык заттар шығару;
рыноктік инфрақүрылымдарды дамыту (павильондар, тоңазытқыштар алу);
қызметтер саласын дамыту;
бүқаралық ақпарат қүралдарын дамыту.
Облыс әкімиятының
2001 жылғы
25 қыркүйектегі
№ 63 қаулысымен
Бекітілді
Кәсіпкерлік субьектілерін қаржылық қолдау Комиссиясының құрамы
|
Сутулов
Федор Федорович
|
Комиссия Төрағасы, облыс әкімінІң орынбасары
|
|
Кабиев Нуржан Ескенұлы
|
Комиссия Төрағасының орынбасары, шағын бизнесті қолдау жөніндегі облыстық басқарманың бастығы
|
|
Комиссия мүшелері
|
|
|
Балтабаева Ғалия
Қазезтайқызы
|
Еңбек, жүмыспен қамту және халықты
әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы
|
|
Бекжанов Жамбыл
Лесбекүлы
|
Қоршаған ортаны қорғау жөнідегі облыстык
аумақтық басқарма бастығы
|
|
Едрісов Дулат Мейрамұлы
|
Облыстық экономика басқармасының
бастығы
|
|
Омаров Жаслан Ысқақүлы
|
Облыстык каржы департаменінің бастығы
|
|
Сюникаев Рашид
Абдоллаұлы
|
Облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы
|
|
Таженов Бисембі Едіресұлы
|
Облыстық сауда және ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату департаметінің бастығы
|
|
Усаневич Павел Евгеньевич
|
Облыстык өнеркәсіп және энергетика департаментінің бастығы
|
|
Хатшы
|
|
|
Неделько Вячеслав Сергеевич
|
Шағын бизнесті қолдау жөніндегі облыстык басқараманың бөлім бастығы
|
Облыс әкімиятының
2001 жылғы
25 қыркүйектегі
№ 63
каулысымен
Бекітілді
Кәсіпкерлік субьектілерін каржылай қолдау жөнідегі комиссия туралы ереже
1. Осы Ереже кәсіпкерлік субьектілерін қаржылық колдау жөніндегі комиссияның (ілгеріде - «Комиссия») жұмыс және бюджеттік кредиттеумен байланысты мәселелерді қарау тәртібін белгілейді және сәйкес шешімдерді қарау мен қабылдау мерзімдерін регламенттейді. Комиссияның басты міндеті облыстық бюджет қаржысы есебінен бюджеттік кредит беру туралы кредиттік шарттардың шартын жасау, бюджеттік кредиттеу мәселесеін дер уақытында, толықтай және обьективті түрде карау болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңын
«Қазақстан Республикасы Укіметі мен Қазакстан Республикасының жергілікті атқарушы органдармен кредиттер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1440 қаулысын және басқа заңдарды, басқа да нормативті құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комиссия - Комиссия Төрағасынан, Комиссия төрағасының орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және Комиссия хатшысынан құрылады және жұмыс істейді.
4. Комиссия құрамы облыс әкімиятының қаулысымен бекітіледі.
5. Комиссия Төрағасы, ол жоқта төрағанын орынбасары: Комиссия жұмысын басқарады, Комиссияға жүктелген жұмыстарды атқарады; Комиссия мәжілісінде төрағалык етеді;
Комиссия мәжілісінің хаттамасына кол қояды.
6. Комиссия мүшелері:
Комиссия жұмысына катысады және Комиссияға жүктелген мінттердің атқарылуына жауап береді; Комиссия мәжілісінің хаттамасына қол қояды.
7. Комиссия хатшысы:
Комиссия мәжілісінің хаттамасын жүргізеді;
Комиссия мәжілісінің хаттамасына қол қояды;
Комиссия жұмысына катысуға шақырылғандарға мәжілістің өтетін уақыты және орыны туралы хабар береді;
8. Комиссия оның мүшелерінің 2/3-І болған жағдайда заңды деп танылады, департамент (басқарманың) басшыларының бірі болмай қалған жағдайда оны орынбасары алмастырады.
9. Комиссия шағын бизнесті колдау жөніндегі бюджеттік кредит және(немесе) бюджеттік кредиттеу туралы басқа меселелер бойынша қарыз алушылардың құжаттар пакетін ұсыныуларына қарай (кемінде айына 1 рет) мәжіліс өткізіп отырады.
10. Комиссия мәжілісі төрағаның кворум жиналғандығы және күн тәртібі туралы ақпаратымен басталады.
11. Шешім мәжіліс отырысына қатысушы Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең түскен
жағдайда төраға дауыс берген жактың ұсынысы қабылданды деп саналады. Шешімге мәжіліске катысқан барлық комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды.
12. Комиссия шешімінін хаттамасы шағын бизнесті қолдау жөніндегі басқармаға беріледі.
Облыс әкімиятының
2001 жылғы
« 25 »қыркүйектегі
№ 63
қаулысымен бекітілдІ
Кәсіпкерлік субъектілерін облыстық бюджеттін қаржысы есебінен кредиттеу тәртібі туралы ереже
Осы ереже бюджеттік қаржыдан кәсіпкерлік субьектілерін (ілгеріде –заем алушы) кредиттеу тәртібін, шарттарын, мерзімі мен механизмдерін айқындайды.
1. Заемшылардың жобаларын кредиттеу Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлікті дамытудың басымдылық бағыттарының Тізбесіне ілгеріде Тізбе) сәйкес конкурстық негізде айқындалған Банк негізінде айқындалады.
2. Кредит сомасы, оны беру және қайтару мерзімі, кредит бойынша сыйақы ставкасы облыс әкімінің шешімімен айқындалады.
3. Шағын бизнесті қолдау жөніндегі басқарама (Ілгеріде Басқарма) бюджеттік кредиттеуге уәкілетті банкті(терді) таңдау жөнінде конкурс өткізеді.
4. Басқарма конкурстың нәтижесі бойынша банк-заем алушының олардың бюджеттік багдарламаларды жүзеге асыруға қатысу құжаттары мен дәрежесін айқындайтын әкімият қаулысының жобасын енгізеді
5. Әкімият қаулысының негізінде облыс әкімі банктермен бюджеттік кредиттеу туралы кредиттік шарттар жасайды.
6. Заем алушыларға бюджеттік қаржыдан кредиттер беру ол жаңа жұмыс орындарын ашу кезінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкелетті органдарда ресми тіркелген жұмыссыздарға оның 50 пайызын жағдайда ғана жүзеге асырылады. 7.3аем алушыларды кредиттеу үшін бөлінетін бюджеттік қаржылар жабдықтар сатып алу үшін және (немесе) айналым құралдарын сондай-ақ өндіріс процесінде жаңа технологияны (Ноу-Хау) пайдалануға бағытталуы мүмкін. Қаржыны жалақы жөніндегі қарыздарды, бюджеттік төлемдерді төлеу, сондай-ақ басқа да бизнес жоспарда көзделмеген төлемдерді өтеуге жұмсауға тыйым салынады.
8. Кредит алғысы келетін Заем алушылар мыналарды орындауга тиісті:
1 ) Басымдылык бағыттарға сәйкес келетін бизнес-жоспар жасауы тиіс, ықтимал сома және кредит мерзімі облыс әкімінің шешімімен белгіленгеннен аспауына. Бизнес-жоспарда қосымша қызметкерлерді еңбекке орналастыру кестесі болуына. Кредит алғыңыз келетін Банк атауы отырып, кредит тапсырысын (таңдаған Банкте лимит болмаған жағдайда, Басқарма басқа Банкті ұсынуға хақылы) тіркеуге;
2) Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқармадан экологиялық сараптау қорытындысы алынуы керек. Баскарма, мүмкіндігінше экологиялық сараптау корытындысын барынша қасқа мерзімде береді;
3) Өзінің бизнес-жоспарына салалык департаменттің қорытындысын алады Департамент бизнес-жоспарды алғаннан кейін 3 күн аралыгында жазбаша қорытынды беруге міндетті. Қажет болған жағдайда, салалык департамент бизнес-жоспарды әкімнің жетекшілік ететін орынбасарымен;
4) Кредиттеуге Банктен рұксат алады.
9. Банк өзінің ішкі кредиттік саясатына сәйкес Заем алушыдан толык құжаттар пакетін алғаннан соң 7 күннен аспайтын мерзімде (егер жоба филиал деңгейінде қаралатын болса) және 20 жұмыс күні аралығанда (егер Бас офисте қаралатын болса) Заем алушының жобасын қарап, талдау жасайды.
10. Басқарма Банктен кредиттеу үшін рұксат алған Заем алушылардың қүжаттар пакетін кемінде айына бір рет кәсіпкерлік объектілерін қаржылық қолдау жөніндегі комиссияның (ілгерде комиссия) қарауы үшін жібереді.
11. Басқарма мына жағдайларда Заем алушыға жобаны Комиссияның орындауына ұсынғанға дейін оған кредит беруден бас тарта түрады:
1 ) қоршаған ортаны корғау жөніндегі басқарма теріс қорытынды бергенде;
2) Банк кредит беруден бас тартқанда;
3) бюджеттік қаржы болмаған жағдайда.
Бизнес-жоспар жөніндегі салалық департаменттің теріс қорытындысы алушының құжаттар пакетін Комиссияға ұсыну үшін негіз болып табылмайды
12. Комиссия үш жүмыс күні аралығында шешім қабылдайды және басқармаға бизнес-жоспар жөнінде ұсыныс береді.
13. Басқарма Комиссия ұсынысын алып, қарайды және оны кредиттеу кезінде, немесе Заем алушыға кредит беруден бас тартату туралы ақтык
шешім кабылдайды.
14. Басқармадан оң шешім алған Заемшы алушы банкпен кредиттік жасайды. Кредит жөнідегі негізгі қарыз сомасын өтеу кестесі басқармамен келісіледі.
15. Банктен кредиттеуді бастауға дайын екендігі туралы жазбаша алғаннан кейін Баскарма 3 жүмыс күні аралығында банктін респонденттік шотына сұраған қаржы сомасын аударады.
16. Банк кредиттік каржыны бөлмеген жағдайда, немесе толык е бөлмеген жағдайда Заем алушы бүл факті туралы жазбаша түрде басқармаға шағымдануға хақылы.
17. Қосымша орын ашылған-ашылмағандығын тексеруді еңбек, халыкты жұмыпен камту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті заем алушының еңбекке орналастыру кестесіндегі мерзімі өткен соң жүргізеді және бұл ретте, заңды тұлғаның мәліметіндегі қосымша жұмыс орны туралы деректер онын статистика органына берген жұмысшы саны алы есебімен кабысулары кажет.
18. Қажетті мамандықтағы тіркелген жұмыссыз-мамандар болмаған жағдайда, Заем алушы ол туралы жұмыспен қамту мәселелсі жөніндегі уәкелетті органнан туралы растау-анықтама алуы тиіс.
19. Егер, Заем алушы бизнес жоспарға сәйкес жұмыс орнын ашпаған болса, немесе бизнес жоспарда аталған 50 пайыздан кем емес санда жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі өкілетті органда тіркелген жұмыссыздарды еңбекке орналастыру шартын орындамаған болса, комиссияның шешімімен Банк ол соманы облыстық бюджетке аудара отырып, Заем алушыға женілдікпен берген кредит ставкасын 2,5 есе жібереді.
20. Бюджеттік кредиттердің нысаналы және дер уақытында пайдаланылуына және бюджеттік қаржының толығынан өтелуіне бақылауды банктер, қаржы департаменті және Басқарма іске асырады.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.