Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау жөніндегі 2001 - 2003 жылдарға арналған "Ақ ниет" облыстық бағдарламасы туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 шілде 2001 ж.

    Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау жөніндегі 2001 - 2003 жылдарға арналған "Ақ ниет" облыстық бағдарламасы туралы

    Облыс білім беру департаменті бастығының орынбасары Т.Ф. Мамашевтің жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалєан балаларды әлеуметтік қорғау жөніндегі 2001 - 2003 жылдарға арналған "Ақ ниет" облыстық бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап және талқылап, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау жөніндегі 2001 - 2003 жылдарға арналған "Ақ ниет" облыстық бағдарламасы (одан әрі-Бағдарлама) - бекітілсін.

    2. Облыс білім беру департамент жыл сайын 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық Мәслихатқа Бағдарламаның орындалу барысы туралы хабарлайтын болсын.

    3. Облыс қаржы департаменті 2001 жылы Бағдарламаны дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 2002 - 2005 жылдарға арналатын облыс бюджетінде Бағдарламаның қаржыландыруы қарастырылатын болсын.

    4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттың әлеуметтік саясат жқніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсiн.

    II сайланған облыстық Мәслихаттың

    ХІІІ сессиясының төрағасы

    В. Лебедь

    Облыстық Мәслихаттың хатшысы

    Т. Айтқазин

    Облыс әкiмиятының

    2001 жылғы 20 шілдедегі

    қаулысымен мақұлданды

    Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлыєынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қорєау жөнiндегi 2001 - 2003 жылдарға арналған "Ақ ниет" облыстық бағдарламасы

    1. Паспорт

    Атауы Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi 2001 - 2003 жылдарға арналған "Ақ ниет" облыстық бағдарламасы Әзiрлеуге негiздеме Бағдарлама "Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасының "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары және Жастар үйлерi туралы" , "Неке және отбасы туралы" заңдары және облыс әкiмi тапсырмасының негiзiнде әзiрлендi

    Негiзгi әзiрлеушi Облыс бiлiм департаментi

    Мақсаты Облыс бiлiм саласында жетiм балалардың проблемаларын жаңа тұрғыдан шешу және оны тәжiрибеге енгiзу арқылы жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау

    Мiндеттерi Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту үшiн ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететiн бiлiм беру ұйымдарының жаңа үлгiлерiн әзiрлеу және тәжiрибеге енгiзу;

    ауылдық жерлерде отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары желiсiн кеңейту және қалаларда Жастар үйлерiн ашу;

    жетiм балалар санатынан мектеп бiтiрушiлердiң кәсiптiк бiлiм алуларына, тұрғын үй және еңбекке орналасу проблемаларын шешуге көмектесу;

    жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды дер кезiнде анықтау, орналастыру, оларға тұру, оқу және тәрбиелену үшiн жағдайлар жасау;

    балалар үйлерi мен интернаттарды отбасы үлгiсiндегi балалар үйлерiне кезең - кезеңмен өзгерту

    Қаржыландыру көлемi мен көздерi Бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджетте тиiстi жылға көзделген және балалар мекемелерiнiң өз қызметiнен түскен қаражаттары шегiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны жүзеге асыруға керектi бюджеттiк қаражаттардың ең төменгi есептiк қажеттiлiгi 462,6 млн. теңгенi құрайды. Соның iшiнде: 2001 жылы - 143,5 млн. теңге, 2002 жылы - 155,2 млн. теңге, 2003 жылы - 163,9 млн. теңге. Жыл сайынңы көлемдер облыс бюджетi бекiтiлген кезде нақтыланады. Сондай-ақ демеушiлiк көмектi тарту да көзделуде

    Күтiлетiн нәтижелер Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қорғауды толық көлемде қамтамасыз ететiн бiлiм беру ұйымдары жүйелерiн құру;

    облыстың барлық аудандарында отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарын ашу, үш қалада Жастар үйiн құру, 7 жасқа дейiнгi жетiм балалар үшiн үмiт үйiн ашу;

    жетiм мектеп бiтiрушiлердiң кәсiптiк мектептерде, лицейлерде, колледждерде немесе жоєары оқу орындарында оқуды жалғастыруы, оларды еңбекке орналастыру үшiн кепiлдiк берудi қамтамасыз ету;

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй проблемасын шешу;

    жетiм балалармен жұмыс iстейтiн барлық бiлiм беру ұйымдарын жоғары бiлiктi мамандармен жасақтау

    2. Кiрiспе

    Бiлiм берудiң нарықтық экономика жағдайында сапалы өзгеруiн қамтамасыз ету мемлекетiмiздiң бiлiм беру жүйесiнде өткiзiлiп жатқан реформалардың мақсаты болып табылады. Бiлiм беру саласындағы қазiргi беталыстар мен оның әр түрлi деңгейлерi алдында тұрған мiндеттер жүйенi бұдан әрi дамытудың бағыттарын жаңа тұрғыдан анықтауды талап етедi.

    Қазақстан Республикасы 1994 жылы қабылдаған баланыѕ құқықтары туралы Конвенция бiздiң мемлекетiмiздi дүние жүзiлiк қоғамдастыққа кiргiзедi және барлық балалардың, оның iшiнде жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтiк өмiрге және жеке тұлға ретiнде дамуға деген құқықтарын қорғау жөнiндегi жауапкершiлiгiн арттырады. Бүгiнде республикада қиын балалықты мемлекеттiк қолдау және көмек көрсету балалар үйлерi мен интернат үлгiсiндегi ұйымдар жүйесi арқылы iске асырылуда. Осындай мекемелердiң қазiргi заманғы желiсi алуан түрлi. Бұл - мектеп-интернаттар, отбасы үлгiсiндегi үйлер, балалар үйлерi филиалдары, балалық үйлерi, "Балалар үйi - мектеп - кәсiптiк мектеп" кешендерi, панажайлар, пансионаттар.

    Қазақстан Республикасының "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары және Жастар үйлерi туралы" заңы қабылданысымен республикада жетiм балаларды әлеуметтiк қорғау, олардың әлеуметтiк еңбекке бейiмделуi және жеке өмiрге дайындығы жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға бағытталған балалар үйлерiн отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарына кезең-кезеңмен өзгерту және Жастар үйлерiн құру басталды. Бұл қызмет осы саладағы нақты жағдайды ескеретiн егжей-тегжейлi пысықталған стратегия мен жылдам өзгеретiн нақты жағдайларға үнемi бейiмделетiн икемдi тактикалық iс-қимыл бағдарламасы негiзiнде жүзеге асырылуы қажет.

    Бағдарламаны әзiрлеу облыста қалыптасқан жетiм балаларды әлеуметтiк қорғау жүйесiн инновациялық өзгерту қажеттiлiгiнен туындап отыр. Бағдарлама облыста осы саладағы iстiң нақты жағдайына баєа бередi, қойылған мақсаттарға қол жеткiзу жөнiндегi басымдықтарды және нақты iс-шараларды анықтайды. Осы Бағдарлама басқа бағдарламалармен және нормативтiк-заңнамалық кесiмдермен қатар жетiм балаларды қорғауға бағытталған мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың ұйымдық негiзiн де құрайды.

    3. Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң қазiргi таңдағы жай-күйiн талдау

    Қазiргi таңда облыстың қамқорлық және қамқоршылық органдарында 18 жасқа дейiнгi 2307 жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар есепте тұр. Осы санаттағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуге жағдай жасайтын облыс бiлiм беру ұйымдарының желiсi алуан түрлi, оның дамуы аймақтың ерекшелiктерi ескерiлiп жетiм балаларды қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың контекстiмен жүзеге асырылуда.

    Ұлты қазақ жетiм балаларды ана тiлiнде оқыту және тәрбиелеу проблемасы өз шешiмiн табуда. Мекемелерде қазақ тiлiнде оқытатын және тәрбие беретiн топтар жұмыс iстеуде, олардың саны жыл сайын ұлғаюда.

    Облыс бiлiм беру жүйесiнде жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 7 мекеме қызмет етедi, соның iшiнде: облыстық Сәбилер үйi, қашыр балалар қйi, "Балалар қүйi - мектеп - кәсiптiк мектеп" облыстық кешенi, Павлодар және Екiбастұз қалаларындаңы "Мектеп-интернат - кәсiптiк мектеп", "Арман" отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы, "Жас ұрпақ" Жастар үйi.

    Оларда 624 адам оқып, тәрбиеленуде. Соңғы кезде нәресте жасындағы сияқты мектеп жасындағы да бас тартылєан және тастанды балалар санының өсуiне байланысты жетiм балаларға арналған балалар үйлерi мен мектеп-интернаттарында тәрбиеленушiлер құрамының ұлғаюы байқалуда. 1 және 2-кестелерде осы уақытта жұмыс iстеп тұрған бiлiм беру ұйымдарындағы тәрбиеленушiлер құрамының 3 жылда өзгеруi туралы ақпарат пен қалалар мен аудандар арасындағы құрам туралы деректер берiлген.

    Осы мекемелердiң жұмыс бағыттары мен ерекшелiктерiнiң бiрi тјрбиеленушiлердi еңбекке баулу, олардың бос уақытын педагогикалық тұрғыдан мақсатты ұйымдастыру болып табылады. Жекелеген ұйымдардың егiс егу алаңдары, бау-бақшалары, қосалқы шаруашылықтары, жемiс-жидек бақшалары бар, онда балалардың еңбек дағдыларын иемдену мүмкiндiктерiне ие болады.

    Қазақстан Республикасының "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары және Жастар үйлерi туралы" заңы қабылданысымен облыс бiлiм беру жүйесiнде қызметi жетiм балаларды әлеуметтiк қорєау, олардың әлеуметтiк еңбекке бейiмдеу және жеке өмiрге дайындығы жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға бағытталған отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары мен Жастар үйлерiн кезең-кезеңмен құру басталды.

    Облыс орталығында 2000 жылғы қазанда 50 орынға арналған мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорын ретiндегi "Жас ұрпақ" Жастар үйi ашылды. қазiргi кезде онда облыстық балалар үйлерi мен интернаттарының 22 түлегi тұрып жатыр, солардың 15-i қаланың оқу орындарында оқиды, қалңандары жұмысқа орналастырылды. Жастар үйi қала орталығындағы бес қабатты ғимаратта орналасқан. Онда тұру, оқу және қосымша табыс табу үшiн қолайлы жағдайлар жасалған. Әр қабатта бiр және екi орынды бөлмелер бар, жеке себiзгiлер, ас үйлерi мен 8 орындық асхана бар, онда әрбiр тәрбиеленушi өзiне тамақ әзiрлей алады.

    Жастар үйi жанында өндiрiстiк учаскелер: кондитер және тiгiн цехтары, шаштараз, дәмхана, тренажер залы мен компьютер техникасы залы ашылды. Барлық өндiрiстiк учаскелер тауарлар мен қызметтер нарығында бәсекеге толығынан жарамды өнiмдердi шығаруға қажеттi жабдықтармен жарақталған. Черноярка ауылының шаруа қожалығымен еңбек ынтымақтастығы туралы шарт жасасылды, онда тәрбиеленушiлер жазғы кезеңде ақша таба алады. 2001 жылғы 1 қыркүйекке Жастар үйi толық қоныстандырылатын болады.

    2001 жылғы ақпаннан бастап облыс орталығынан 50 шақырым Розовка селосында Павлодар ауданының жетiм балаларына арналған "Арман" Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы" мемлекеттiк мекемесi жұмыс iстей бастады. Отбасы үшiн аулалық телiмi бар бiр қабатты үй сатып алынды, қосалқы шаруашылыєы бар (құс, ірi және ұсақ қара). Аумақта шағын спорттық керек-жарақтар, ойын алаңы, монша, аулалық құрылыстар бар. Азық-түлiк тағамдарын, үй жануарлары үшiн жемшөптi "Киров" өндiрiстiк кооперативi жеткiзедi. Әрбiр тәрбиеленушiге аулалық телiмнен жер бөлiнген, онда олар көкөнiс өсiредi.

    4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi Бағдарламаның негiзгi мақсаты:

    Облыс бiлiм беру желiсiн инновациялық өзгерту және жүзеге асыру арқылы жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерiн жаппай қорғауды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау, оқыту және тәрбиелеу үрдiсiн ұйымдастырудың қазiргi заманғы әдiстерi мен түрлерiн тәжiрибеге енгiзу.

    Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:

    облыста жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту үшiн ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететiн бiлiм беру ұйымдарының жаңа үлгiлерiн құру;

    ауылдық жерлерде отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары желiсiн кеңейту және қалаларда Жастар үйлерiн ашу;

    жетiм балалармен жұмыс жасау үшiн мамандарды даярлау және қайта даярлау жүйесiн дамытуды талап етедi.

    5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi

    Жетiм балалармен және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс iстейтiн бiлiм беру ұйымдары желiсiн дамытудың негiзгi бағыттары:

    1. Жетiм балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер желiсiн кеңейту.

    Үмiт үйiн ашу 7 жасқа дейiнгi жетiм балаларды тәрбиелеу және мектепке даярлау үшiн жағдайлар туғызу мақсатында Сәбилер үйi Үмiт үйi мемлекеттiк мекемесi болып қайта ұйымдастырылады. Оған басшылық жасау педагогикалық бiлiмi бар директорға жүктеледi. Штатқа педагогикалық сияқты медициналық бiлiмi де бар қызметкерлердi енгiзу балаларды тәрбиелеу, сауықтыру және емдеу жөнiндегi мiндеттердiң шешiлуiн қамтамасыз ететiн болады.

    Қазiргi уақытта Сәбилер үйiнiң тәрбиеленушiлерi онда 4 жасқа дейiн болады, ал бұл оларды балалар үйлерiне көшiрген кезде балалардың бейiмделуiне байланысты өте елеулi проблемалар туғызады.

    Үмiт үйi жетiм балалар санатынан сияқты уақытша бас тартқан балалар санатынан да жасақталады.

    Мұнда тәрбиелеу мен оқыту мемлекеттiк тiлде жүзеге асырылады.

    Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы.

    Облыстың отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары желiсiн дамытуда екпiн ауылдық жерлерге жасалады. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында оларды облыстың барлық аудандарында ашу жоспарланып отыр (6-кесте).

    Балалар ауылын ауылдық жерлерде орналастырудың артықшылығы балалар кiшкентай кезiнен жерге үйренiп, алғашқы еңбек дағдыларын алады. Олардың көкөнiс өсiруге, үй шаруашылығын жүргiзуге шынайы мүмкiндiктерi пайда болады, бұл оларды жеке өмiрге бейiмдiлiгiн қамтамасыз етедi және бiреудiң асырауында болуға үйренушiлiк қаупiн төмендетедi.

    Жастар үйлерi.

    Павлодар, Ақсу, Екiбастұз қалаларында Жастар үйлерiн ашу интернат үлгiсiндегi мекемелер мен балалар ауылдарының жетiм түлектерiне әлеуметтiк бейiмделу үшiн жағдайлар жасауға ықпал етедi

    Жастар үйлерiнде оқу, тұру, еңбектi, бос уақытты және демалысты ұйымдастыру үшiн жасалған қолайлы жағдайлар тәрбиеленушiлерге 23 жасқа толғанға дейiн орта және жоғары оқу орындарында бiлiм алуға, еңбекке орналасуға және қосымша табыс табуға мүмкiндiк бередi. Жастар үйлерiнде тұратын жетiм балалардың белгiлi санын жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқыту мемлекеттiк тапсырыс бойынша жүзеге асырылады.

    Сурет (2001 - 2003 жылдарға жетiм түлектер туралы деректер)

    Сурет (2003 жылға жетім балалармен және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалєан балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдары желісі)

    2. Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қорғау.

    Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi сапалы орындау бiлiм беру мекемелерiнде және қамқоршы отбасыларында жетiм балалар құқықтарының сақталуын жүйелi бақылауды талап етедi. Жетiм балаларды анықтау, олардыѕ құқықтарын, соның iшiнде мұраға құқықтарын қорғау жөнiндегi мониторингтi облыс бiлiм департаментi жүзеге асырады. Жетiм түлектердi еңбекке орналастыру проблемасын шешу үшiн жыл сайын облыстың тұрақты жұмыс iстейтiн кәсiпорындары мен ұйымдарының жұмыс орындарына квота бөлiнiп отырады.

    Жетiм балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруды ұйымдастыру қамқорлықтың ерекше түрi болып қалады. Осы мақсаттарға бюджеттiк қаражаттар бөлудi жыл сайын ұлғайту көзделуде.

    3. Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметiн жетiлдiру.

    Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметiн жетiлдiру бөлiмiнде негiзгi назар ұйымдарды бiлiктi мамандармен қамтамасыз етуге, олардың кәсiптiк шеберлiгi деңгейiнiң өсуiне жәрдемдесуге, жетiм балалармен жұмыс iстеудiң алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжiрибесiн зерделеуге және оны iс жүзiне енгiзуге аударылады.

    Жетiм және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мекемелерiнiң жұмысын жетiлдiруде оларды бiлiктi мамандармен - оның iшiнде психологтармен - қамтамасыз етуге, олардың кәсiби шеберлiгi деңгейiнiң өсуiне, республиканың басқа аймақтарындағы жетiм балалармен жұмыстың озық педагогикалық тәжiрибесiн үйренулерiне ерекше көѕiл бһлiнетiн болады.

    Жетiм балалардың қияткерлiк және шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға бағытталған оқу орындарының мүмкiндiктерiн кеңейтуге қосымша бiлiм беру мекемелерiнiң барлық жағдайлары пайдаланылады.

    Бағдарламаны жүзеге асыру тетiгi.

    Бағдарламаны жүзеге асыру үрдiсiн жедел басқаруды облыс бiлiм департаментi қамтамасыз етедi. Бағдарламаның iс-шаралары облыстық бюджет қаражаты есебiнен, қаржыландырудың балама көздерiн қатыстырып жүзеге асырылады. Облыс әкiмiнiң жанындағы үйлестiру кеңесi Бағдарламаның орындалуын бақылайды.

    6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi

    Бағдарлама облыс бюджетiнде бiлiм беру жүйесiне көзделген қаражат шеңберiнде қаржыландырылады.

    Жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мекемелерiн ашу және ұстау үшiн 2001 - 2003 жылдары бюджеттен ең кемiнде 462,6 млн. теңге бөлу қажет.

    Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жетiм және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк ететiн бiлiм беру жүйесiнiң әлеуметi мен ресурстары сақталады және дамытылады. Бағдарламаны жүзеге асыру:

    Облыстың барлық аудандарында отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарын ашуды;

    Павлодар, Ақсу, Екiбастұз қалаларында Жастар үйлерiн құруды;

    7 жасқа дейiнгi жетiм балалар үшiн жаңа үлгiдегi бiлiм мекемесiн ашуды;

    интернат үлгiсiндегi бiлiм беру ұйымдары тәрбиеленушiлерiнiң азаматтық сана-сезiмiн, жауапкершiлiгiн және дербестiлiктiктi қалыптастыруды;

    бiлiм алу мен еңбекке орналасуда жетiм түлектер үшiн тең мүмкiндiктер жасауды;

    жетiм балалардың тұрғын үй мәселесiн шешудi қамтамасыз етедi.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.