Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекаралыс облыстары арасындағы 2001 – 2003 жылдарға арналған облыстық экономикалық-ынтымастық бағдарламасы туралы
Облыс индустрия, сауда және кәсіпкерлікті дамыту департаменті бастығының орынбасары Т.Т. Жайлиннің Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстары арасындағы 2001 - 2003 жылдарға арналған экономикалық-ынтымақтастық облыстық бағдарламасы туралы хабарламасын тыңдап және талқылап, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстары арасындағы 2001 - 2003 жылдарға арналған облыстық экономикалық-ынтымақтастық бағдарламасы (одан әрі - Бағдарлама) - бекітілсін.
2. Облыс индустрия, сауда және кәсіпкерлікті дамыту департаменті (Әлимусин Ш.Д.) жыл сайын 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық Мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына бағдарламаның орындалуы туралы хабарлайтын болсын.
3. Осы бағдарламаныѕң орындалуына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттық экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына (Шабрат Н.П.) жүктелсін.
II сайланған облыстық Мәслихаттың
ХІІ сессиясының төрағасы
О. Қайыргельдинов
Облыстық Мәслихаттың хатшысы
Т. Айтқазин
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 25 мамырдағы
шешiмiне қосымша
Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстары арасындағы 2001 - 2003 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының паспорты
Аталуы: Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстары арасындағы 2001 - 2003 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн негiзi: Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 6 қыркүйектегi № 1-33-ө өкiмi
Негiзгi әзiрлеушiлер: Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстары арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың 2001 - 2003 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобы, облыс индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi дамыту департаментi.
Бағдарлама Новосiбiр, Омбы облыстарының, Алтай өлкесi мен Павлодар облысының мемлекеттiк басқару органдарының ұсыныстары мен ескертулерi ескерiлiп әзiрлендi
Мақсаты: Экономикалық мүдделерi бiр шекаралас аймақтардың экономикасын нығайту және осының негiзiнде сол аумақтарда тұратын тұрғындардың тұрмыс деңгейiн көтеру
Мiндеттерi: Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстары арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастықты әрi қарай нығайту және дамыту үшiн жағдай жасау;
сыртқы сауда қарым-қатынастарын жетiлдiру, интеграциялық үдерiстердi тереңдету және Ресей Федерациясының шекаралас облыстары мен Павлодар облысының ынтымақтастығының келiсiлген тетiгiн жасау;
бiрлескен аймақаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеу және жүзеге асыру
Қаржыландыру көлемi мен көздерi: Қаржыландыру көздерi мен көлемi Павлодар облысы мен Ресей Федерациясы шекаралас облыстарының уәкiлеттi өкiлдерiнiң бiрлескен мәжiлiстер барысында анықталды
Күтiлетiн түпкi нәтижелерi: Қазақстан Республикасы Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының экономикасын, өндiрiсiн әрi қарай нығайту және дамыту үшiн жағдай жасау, соның негiзiнде тiршiлiк деңгейiн көтеру;
шекаралас аймақтар тұрғындарының тұрмыс деңгейiн арттыру, қалыпты өмiр жағдайларын қамтамасыз ету, нормативтiк-құқықтық базаның ақша-несие саясаты, инвестиция мәселелерi жөнiндегi нормативтiк-құқықтық базаны сәйкестендiрудi қамтамасыз ету, мемлекеттiк үкiмет пен шекаралас аймақтардағєы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өткiзетiн әлеуметтiк-экономикалық саясатты жақындастыру;
бiрлескен аймақаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеу және жүзеге асыру
1. Кiрiспе
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 6 қыркүйектегi № 1-33-ө өкiмi Бағдарламаны дайындауға негiз болады.
Бағдарлама шаруашылық жүргiзушi ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметке қатысуына, кооперацияланған байланысты кеңейтуге, экономиканы дамытуда келiсiлген әрекеттер жасауға, инфрақұрылымды нығайтуға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Бағдарлама Новосiбiр, Омбы облыстары, Алтай өлкесi және Павлодар облысы мемлекеттiк басқару органдарының ұсыныстары мен ескертулерi ескерiлiп, әзiрлендi.
2. Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстары арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың қазiргi жағдайын талдау
Павлодар облысының географиялық орны ТМД елдерiмен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемiнде Ресейдiң үлес салмағының артуына негiз болды. 2000 жылы Ресеймен сыртқы сауда айналымы 690,8 млн. АҚШ долл. Немесе ТМД елдерiмен товар айналымының жалпы көлемiнiң 96,2%, немесе товар айналымының жалпы көлемiнiң 69,4% құрады.
Сыртқы сауда айналымының 33,2 млн.АҚШ долл. сомасындағы сальдо облыстағы iрi экспортер кәсiпорындар: "Қазақстан алюминийi" АҚ-ның, "Казхром" ТҰК "Ақсу ферроқорытпа заводы" филиалының, "Богатырь Аксес-Көмiр" ЖШС-нiң дамуына негiзделдi.
Экспорт:
2000 жылы Ресеймен экспорттың жалпы көлемi - 362,0 млн. АҚШ долл.
немесе ТМД елдерiмен экспорттың жалпы көлемiнiң 97,3%, немесе экспорттың жалпы көлемiнiң 59,8% құрады.
Экспорт құрылымын талдау экспорт өнiмiнiң 97,0% аса құрайтын басты баптары мыналар: алюминий оксидi мен гидрооксидi - 180,7 млн. АҚШ долл.;
көмiр - 158,1 млн.АҚШ долл.;
тракторлар, бульдозерлер - 7,6 млн.АҚШ долл.;
алюминий сульфаты - 3,6 млн.АҚШ долл.;
мұнай коксы - 1,0 млн.АҚШ долл.
Импорт:
2000 жылы Ресеймен импорт көлемi - 328,2 млн.АҚШ долл. немесе ТМД елдерiмен импорттың жалпы көлемiнiң 95,1%, немесе импорттың жалпы көлемiнiң 84,2% құрады.
2000 жылғы импорттың құрылымы келесi баптармен көрсетiлген: шикi мұнай мен мұнай өнiмдерi - 79,8 млн.АҚШ долл.;
кокс пен жартылай кокс - 20,1 млн.АҚШ долл.;
темiржол және трамвай вагондары - 11,5 млн.АҚШ долл.;
битуминозды көмiр - 7,2 млн.АҚШ долл.;
антрацит көмiрi - 2,4 млн.АҚШ долл.;
динатрий карбонаты - 12,9 млн.АҚШ долл.;
әр түрлi шпалдар - 3,3 млн.АҚШ долл.;
жарылғыш заттар - 6,4 млн.АҚШ долл.;
қара металды қолдануға беру - 8,6 млн.АҚШ долл.;
мотор бензинi - 5,8 млн.АҚШ долл.;
ақ қант - 3,8 млн.АҚШ долл.;
амортизаторлар, босалқы бөлшектер - 3,3 млн.АҚШ долл.;
машина агрегаттарына өзге бөлшектер - 3,0 млн.АҚШ долл.;
шынжыр табанды экскаваторлар - 2,6 млн.АҚШ долл.;
сїт жјне кiлегей - 2,5 млн.АҚШ долл.;
дифференциалды жетекшi көпiрлер - 2,4 млн.АҚШ долл.;
дизельдi отын - 2,4 млн.АҚШ долл.;
мотор және компрессорлы жанар-жағармай - 2,4 млн.АҚШ долл.;
сельдь және теңiз балықтарының басқа түрлерi - 2,3 млн.АҚШ долл.;
сабын-кiр жуу құралдары - 2,3 млн.АҚШ долл.;
жүк тиеу және авто жүк тиеу - 2,3 млн.АҚШ долл.
Облыстық статистика басқармасыныѕ мәлiметiне қарағанда 2000 жылмен салыстырғанда, Ресеймен сыртқы сауда айналымы 137,9 млн. АҚШ долларына көбейдi. Облыс индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi дамыту департаментiнiң бағалауы бойынша, Ресейдiң iрi аймақтарымен шекараның мөлдiрлiгi мен жақындығымен импорт көлемi жоғары, өйткенi ресми статистика көзi кеден мағлұмдамасы болып табылады, ал "желқайықтар саудасы" айналымы, соның iшiнде мұнай өнiмдерi, құрылыс материалдары, азық-түлiк және түтыну товарлары толық көлемде қамтылмайды. Импорт құрылымында Ресей Федерациясы кәсiпорындарының өнiмi 70,0% аса, соның iшiнде: тамақ өнiмдерi - 96,0%, құрылыс материалдары - 80,0%, сабын-кiр жуу құралдары - 75,0%, мұнай өнiмдерi - 95,0%.
Iрi импортер елдер: Италия (күрделi тұрмыс техникасы, аяқ киiм, терi галантереясы), Германия (алкоголь iшiмдiктерi, тамақ өнiмдерi, құрылыс материалдары, автомобиль босалқы бөлшектерi), АҚШ (сабын-кiр жуу құралдары, тауық сандары) өнiмдерi бiздiң облысқа Ресейден кең тараған көтерме сауда желiсi арқылы жеткiзiледi.
3. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның басты мақсаты өндiрiстi дамыту мен тұрақтандыру, шекаралас аймақтардың экономикасын нығайту үшiн жағдай жасау және соның негiзiнде осы аумақтарда тұратын тұрғындардың тұрмыс деңгейiн көтеру болып табылады. Бұл Бағдарлама келесi мiндеттердi көдейдi:
Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстары арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастықты әрi қарай нығайту және дамыту үшiн жағдай жасау;
сыртқы сауда қарым-қатынастарын жетiлдiру, интеграциялық үдерiстi тереңдету және Ресей Федерациясының шекаралас облыстары мен Павлодар облысы ынтымақтастығының келiсiлген механизмiн тұжырымдау;
бiрлескен аймақаралық жобалар мен баєдарламаларды әзiрлеу және жүзеге асыру.
4. Бағдарламаның негiзгi баєыттары мен оны жүзеге асыру тетiгi
Баңдарламаның негiзгi бағыттарының құрамына:
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң ынтымақтастығы үшiн жағдай жасау жөнiнде, ең алдымен еңбек және зиялы әлеуеттi дамытудың басым бағыттарын мемлекеттiк және аймақтық қолдау жүйесiн қалыптастыру, қолда бар инфрақұрылымды тиiмдi жіне өзара пайдалы қолдану, бiрыңай ақпарат кеңiстiгiн кеңейту мен жетiлдiру арқылы нақты шаралар қолдану;
отын-энергетика және агроөнеркәсiп кешендерiн, машина жасау, металлургия және көлiк салаларындағы салааралық ынтымақтастықты әрi қарай дамыту;
денсаулық сақтау, дјрi-дјрмек өндiрiсi мен медицина техникасы, мал дәрiгерлiк, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, экология, табиғатты оңтайлы және қорды жинақтайтын етiп пайдалану салаларында өара тиiмдi ынтымақтастықты дамыту;
сәйкестiк сертификаттар беру жөнiндегi өткiзiлетiн жұмыстардың iктерiн пысықтау, стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi нормативтiк және құқықтық кесiмдер туралы ақпараттармен өзара алмасу жүргiзу;
бiрыңғай бiлiм беру кеңiстiгiн, ғылыми әлеует пен ең жаңа технологияларды тиiмдi пайдалану және сақтау,ғылыми жобалау, бiлiм беру институттарының бiрлескен қызметiн жүзеге асыру, мамандармен, ғалымдармен, аспиранттармен және студенттермен өзара алмасу, бiлiм туралы дипломдарды өзара тану;
шекара мен кеден органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн көтеру, мұнда Ресей мен Қазақстан шекарасында бақылауды жетiлдiру жөнiндегi ұкiметаралық келiсiмдер жасау, кеден құжаттарына бiрыңғай талаптар қою, олардың қызметiн реттейтiн келiсiлген нормативтiк базаны бекiтiп, шекара арқылы өткiзу бекеттерiн анықтауды көздеу;
қылмысты ашуға, терроризм әрекетiн болдырмауға, қару мен есiрткi заттарының заңсыз айналымын тыюға бағытталєан шекаралас аймақтардың құқық қорғау органдарының өзара iс-әрекетi жөнiндегi шараларды iске асыру;
шекаралас аймақ тұрғындарының тарихи қалыптасқан шаруашылық байланыстарын, олардың ұлттық әдет-ғұрпын, рухани құндылықтарын сақтау кiредi.
Бағдарламаны жүзеге асыру тетiгi мына:
осы Бағдарламаның аймақтық деңгейде орындалуын үйлестiру;
мәжiлiстiң кїн тәртiбiн аймақтық топтың жұмыс жоспарына сәйкес және тараптар ұсыныстарының негiзiнде қалыптастыру;
осы Бағдарламаны жүзеге асыру мен орындауды үйлестiру мәселелерi жөнiнде келiсiмдердiң жобаларын дайындауды ұйымдастыру;
5. Қаржыландыру көлемi мен көздерi
Қаржыландыру көлемi мен көздерi бiрлескен мәжiлiстер барысында анықталады.
6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже
Бағдарламаны орындау:
шекаралас аймақтарда тұратын тұрғындардың тұрмыс деңгейiн көтеруге;
шекара және кеден органдарының Қазақстан-Ресей шекарасындағы бақылауды жетiлдiруге, кеден құжаттарына қойылатын бiрыңғай талаптарды қалыптастыруға, олардың қызметiн реттейтiн келiсiлген нормативтiк базаны бекiтiп, шекарадан өткiзу орындарын анықтау жөнiндегi қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға;
Павлодар облысының және Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарының экономикасын әрi қарай нығайту және дамыту үшiн жағдай жасауға;
Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстарында әр түрлi өндiрiстердi дамытуға және тұрақтандыруға;
жасалған шарттар мен контрактiлерге сәйкес, шекаралас аймақтарға электр қуатын, көмiр, газ және мұнай өнiмдерiн, КамАЗ автомобильдерiн, болат арқансым мен пластмасса бқйымдарын өзара тиiмдi жеткiзудi қамтамасыз етуге;
ауыл шаруашылығы саласында ғылыми-тәжiрибелiк конференциялар ұйымдастыруға, бiрлескен машина-трактор станцияларын, шынжыр табанды тракторларға қызмет көрсету мен жөндеу жөнiндегi құрылымдар құруға, дәндi дақылдар алқабын шегiрткеден қорғауға;
сәйкестiк сертификаты жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу процедурасын жақындастыру мен сертификаттарды қосымша ќқайта ресiмдеусiз өзара тануды, стандарттау, метрология мен сертификаттау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк және құқықтық кесiмдер туралы ақпаратпен өзара алмасу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
Павлодар, Новосiбiр, Омбы облыстары мен Алтай өлкесi арасындағы спорт және мәдени ынтымақтастық жөiндегi бiрлескен аймақаралық жобаларды жүзеге асыруға қол жеткiзуге ықпал етедi.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.