Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 және 2001 жылғы 28 маусымдағы N 887 қаулыларына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
1) "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 P001587_ қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-жолмен толықтырылсын: "28. "Каспиймұнайгаз" ғылыми-зерттеу және жобалау институты" ААҚ (Атырау қаласы) 100%"; 2) "Каспиймұнайгаз" Каспий мемлекеттік мұнай және газ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу және жобалау институты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 маусымдағы N 887 P010887_ қаулысына: 3-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.