1971-1990 жылдары азаматтарды 1998 жылғы көктемде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
"Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1997 жылғы қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру және шақырылуларды әскерлерге жiберу жүргiзiлдi.
Қалалық, аудандық әскери комиссариаттар жергiлiктi атқарушы органдармен бiрге шақыру және медициналық комиссияларды белгiленген мерзiмдерде құрды, шақыруды жан-жақты ұйымдық және материалдық қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданды.
Облыс 1997 жылғы күзде Қорғаныс Министрлiгiнiң нарядын толық көлемiнде орындады. әскерлерге жiберiлген жас толықтырушылар қойылған талаптарға сай және қазiргi заманғы техника мен қару-жарақты меңгеруге қабылеттi болды.
1997 жылғы күзде шақыру қорытындылары бойынша жақсы нәтижелерге мыналар жеттi: Үржар ауданы (әкiмi Селиханов Д.М., әскери комиссар подполковник Сүлейменов К.А.),Ґ¤скемен қаласы (әкiмi Лукин А.А., әскери комиссар подполковник Ґ¤теушов М.Г.), Зайсан ауданы (әкiмi Садықов Б.М., әскери комиссар майор Рожинчук В.Н.), Глубокое ауданы (әкiмi әкiрамов М.Ә., әскери комиссар подполковник Камачаев В.П.).
"Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы 1998 жылғы 3 сәуiрдегi Жарлығына сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, әскери комиссариаттар үстiмiздегi жылғы көкек-маусым айларында 1971-1980 жылдары туған азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзсiн, бұл кезде шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын.
2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметiне басшылық және бақылау жасау үшiн облыстық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, шаруашылық басшылары жас жiгiттердiң шақыруды өткiзу үшiн ±ұйымшылдықпен келуiн қамтамасыз етуге шаралар қолдансын. Әскери комиссариаттар жабдықталған шақыру пункттерiмен қамтамасыз етiлсiн, қамтушы қызметкерлер мен көлiк қажеттi мөлшерде бөлiнсiн. Шақырылушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң қатарына салтанатты шығарып салу ұйымдастырылсын.
4. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Лұқпанов Т.М.), қалалық, аудандық iшкi iстер бөлiмдерi шақырудан жалтарған шақырылушыларды iздестiрудi және шақыру пункттерiне жеткiзудi, әскери қызметке шақыру және әскерлерге жiберу кезiнде шақыру пункттерiнде тәртiп сақтауды қамтамасыз етсiн. Облыстық жинау пунктiнде шақыру кезiнде милицияның тәулiк бойы постысы ± ұйымдастырылсын, ал жөнелту кезiнде облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша ¤скемен және Защита стансаларында милицияның қосымша наряды бөлiнсiн.
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (Жiгiтаев Х.Т.) облыстық медициналық комиссияның құрамына Қорғаныс Министрлiгiнiң жоғары оқу орындарында оқуға тiлек бiлдiрушi жас жiгiттердi, сондай-ақ әскери қызметке шақырылатын жастарды медициналық куәландыру үшiн маман дәрiгерлер және орта буын медицина қызметкерлерiн бөлсiн. Қалалық, аудандық шақыру комиссияларын маман дәрiгерлермен, орта буын медицина қызметкерлерiмен толықтыру, шақыру пункттерiн қажеттi медикаменттермен, құрал-саймандармен, медициналық мүлiкпен толықтыру, шақырылушыларды флюорографиялық, электр-кардиологиялық және зерттеудiң басқа түрлерiмен зерттеудi жүргiзу қамтамасыз етiлсiн. Қалалық, аудандық емдеу мекемелерiнде шақырылушыларды клиникалық зерттеу және емдеу үшiн қажеттi мөлшерде төсектер бөлiнсiн. Қажеттi анализдердi қабылдау, шақыру кезiнде шақырылушыларды зерттеу және емдеу нақты пайдаланылған қаражаттар бойынша жергiлiктi бюджеттер есебiнен жүргiзiлсiн.
6. Алматы темiржолының Защита филиалының бастығы (Кривобоков С.Л.) облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша шақырылушыларды облыстық жинау пунктiнен ¤скемен стансасынан Защита стансасына жеткiзу үшiн маневрлiк локоматив пен қажеттi мөлшерде вагондар бөлудi қамтамасыз етсiн.
7. Облыстық сауда және қызмет көрсету департаментiнiң бастығы (Шүкенов М.Ш.) шақыру пункттерiнде қоғамдық тамақтандыру мен бiрiншi қажеттi тауарлармен сауда жасауды ұйымдастырсын.
8. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес шақыру кезiнде маман дәрiгерлердiң, орта буын медицина қызметкерлерiнiң, техникалық қызметкерлердiң, қамтушы қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеудi және шақырылушыларды әскери комиссариаттарға, облыстық жинау пунктiне жеткiзу жөнiндегi көлiк шығындарын өтеуді жергiлiктi бюджеттер қаражаттарының есебiнен жүргiзсiн.
9. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.ә.) облыстық әскери комиссариатқа қажеттi медициналық құралдарды, жабдықтарды. Медикаменттердi, бланктердi алуға, шақырылушыларды Ґ¤скемен стансасынан Защита стансасына дейiн тасымалдауға, кезекшi автокөлiк пен техникалық қызметкерлердiң жұмысына ақы төлеуге резервтiк қор қаражаттары есебiнен 1500 мың теңге бөлсiн.
10. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Ж. Абайдiлдинге жүктелсiн.
Шығыс Қазақстан облысының әкiмi
В. МЕТТЕ
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.