Көлік процесі субъектілерінің жолаушыларды тасымалдау жөнінде орындайтын қызметтерінің ара жігін ажырату туралы
"Бәсекелестiктi дамыту және монополиялық iс-әрекеттердi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "Шығыс Қазақстан облысында жолаушыларды тасымалдау басқармасының құрылымын жетiлдiру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1997 жылғы 3 қазандағы N 294 Шешiмiн орындау үшiн жолаушыларды тасымалдау процесi субъектiлерi арасында атқаратын қызметтердiң ара жiгiн ажырату жұргiзiлсiн:
1. "Шығыс Қазақстан облыстық жолаушылар тасымалдау басқармасының" мемлекеттiк кәсiпорындары.
1.1. Жолаушылар көлiгiнiң меншiктiң барлық нысандарындағы тасымалдаушылардың iшкiоблыстық, облысаралық және қалааралық қатынастарда қызмет көрсетуiне бiрыңғай тапсырысшы болуы тиiс, оған жолаушылар көлiгiмен облыстың бiрыңғай маршруттық желiсi шеңберiнде қызмет көрсетуге шарттарды бекiтуге құқы берiледi, жолаушылық жүйелердiң тiзбесiн облыс әкiмi бекiтедi.
1.2. Меншiктiң барлық нысандарындағы тасымалдаушылар арасында маршруттар пакеттерiн орналастыру жөнiнде тендерлердi қалыптастыру негiзiнде көлiк қызметiн көрсету рыногын реттеу жүйесiн құру.
1.3. Жолаушылар тасымалдаудың маршруттық схемаларын, барлық тасымалдаушылар үшiн қозғалыс тәртiбiн бекiту.
1.4. Меншiктiң барлық нысандарындағы тасымалдаушылардың көлiк құралдарының жұмысын үйлестiру және бақылаудың басқа да органдарын қатыстырумен олардың тасымалдау қызметiн құқықтық қамтамасыз етуге бақылау жасау.
1.5. Қазақстан Республикасының, ТМД-ның және алыс шетелдiң басқа облыстарын қатынастармен байланыстыратын халықаралық, қалааралық маршруттар ашу.
1.6. Маршруттық желiлердi зерттеу және жетiлдiру, облыс әкiмiнiң тапсырмасы бойынша меншiктiң барлық нысандарындағы жолаушылар көлiгiнiң қызмет көрсетуiне халық сұранымын зерттеу.
1.7. Жолаушылар тасымалдау технологиясы бойынша әдiстемелiк жұмыс, меншiктiң барлық нысандарындағы тасымалдаушыларға консультациялық қызмет көрсету, тасымалдаушылардың мүдделерiн өкiмет билiгiнiң өкiлеттi және атқарушы органдарында қорғау.
1.8. Азаматтардың жеке санаттарына қалааралық маршруттарда жеңiлдiктер беру және соған байланысты шығындарды республикалық бюджеттен өтеу тәртiбiне сәйкес Қазақстан Республикасының және жақын шетелдердiң қалааралық маршруттарда жүру бойынша жеңiлдiктер беруден кiрiстердiң шығындары туралы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгiне тоқсанына бiр рет жалпы мәлiмет берiлсiн.
2. Жолаушыларды тасымалдаушылар
2.1. Iшкi облыстық, қалааралық, халықаралық қатынастардағы маршруттарда жолаушылар тасымалдауды маршруттарды бекiту жөнiнде өткiзiлген тендерлер негiзiндегi келiсiм шарттарға қатаң сәйкес қамтамасыз ету.
2.2. Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережесiн орындауға бақылау жасауды ұйымдастыру.
2.3. Жолаушылар тасымалдаудың технологиялық процесiне оперативтi басқаруды жүзеге асыру.
2.4. Автомобильдердiң жолдағы жұмысына, жолаушылар мен қолжүктерiн тасымалдау тәртiбiн сақтауға, автомобиль жолдарының жағдайына бақылау жасауды ұйымдастыру.
2.5. Азаматтардың жеке санаттарына халықаралық маршруттарда жеңiлдiктер беру және соған байланысты шығындарды республикалық бюджеттен өтеу тәртiбiне сәйкес жеңiлдiктер беруден кiрiстердiң шығындары туралы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк жолаушылар тасымалдау басқармасына тоқсанына бiр рет есеп берiлсiн.
3. Автобекеттер, автостансалар
3.1. Меншiктiң барлық нысандарындағы тасымалдаушылар автобустарының өткiзiлген тендерлер шарттарында жолаушылар көлiгiнiң қызметiне бiрыңғай тапсырысшымен жасалған келiсiм шарттарға сәйкес бекiтiлген маршруттарға қатаң сәйкес үздiксiз жүруiн ұйымдастыру.
3.2. Автобустардың рейстерге дер кезiнде шығуына және автобекетке (автостансаға) қайтып оралуына бақылау жасау.
3.3. Автобустардың маршруттардағы қозғалысына бақылау жасау, меншiктiң барлық нысандарындағы тасымалдаушыларға ауа райының жағдайы және облыс пен одан тыс жерлердегi маршруттар мен жолдардағы төтенше жағдайлар туралы дер кезiнде ескертудi қамтамасыз ету.
3.4. Барлық қызметтердiң қалааралық және қала маңындағы қатынастарда автобустармен пайдаланушы жолаушыларды мәдени қамтуды, жолаушылар мен автобус жүргiзушiлерiнiң күтуi және демалысы үшiн қажеттi жағдайлар жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысын ұйымдастыру.
3.5. Билеттердi ағымда және алдын-ала сатуды ұйымдастыру.
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары
Н.Носиков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.