Өскемен және Семей қалалары әкімдерінің дебиттік және кредиттік берешектерді кеміту және жалақы бойынша берешектерді қысқарту жөніндегі жұмысы туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Өскемен және Семей қалалары әкімдерінің дебиттік және кредиттік берешектерді кеміту және жалақы бойынша берешектерді қысқарту жөніндегі жұмысы туралы

    Өскемен қаласының әкiмi А.А. Лукиннiң және Семей қаласының әкiмi В.С. Бутиннiң хабарламаларын тыңдап және талқылап, олар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру тұрғысында өзара берешектердi қысқарту жөнiнде кейбiр жұмыстарды жүргiзуде деп атап көрсетемiн. Кәсiпорындар мен ұйымдардың төлемсiздiктерiне бақылау жасау жөнiнде комиссиялар қүру туралы өкiмдер мен шешiмдер қабылданды, осы комиссиялардың шешiмдерiн орындау барысына тұрақты бақылау жасау үйымдастырылды.

    Мұнымен бiрге қалалар кәсiпорындарының көпшiлiгiнде қаржылық сауықтыру бiлiнбеуде. 1997 жылы дебиттiк берешек облыс бойынша 93.7 процент, кредиттiк - 32,8 процент өстi, Өскемен қаласы бойынша тиiсiнше 97,5 және 65,0 процентке, Семей қаласы бойынша тиiсiнше 48,8 және 44,1 процентке өстi. Осы қалалардың 1998 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша облыстың дебиттiк және кредиттiк берешектерiнiң жалпы көлемiндегi үлесi Өскемен қаласы бойынша тиiсiнше 72,0 және 64,4 процент және Семей қаласы бойынша 12,7 және 4.9 процент болды. Жалақы бойынша жалпы берешектен Өскеменнiң үлесiне 59.0 процент және Семей қаласының үлесiне 17.0 процент тиедi.

    Сөйтiп, бұл қалалар бойынша берешектердi кемiту бүтiндей облыс бойынша өзара берешектердi кемiтуде шешушi роль атқарады. Өскемен қаласының кәсiпорындары мен ұйымдарының бюджетке төлемдер бойынша 1998 жылғы 1 наурызға 5.1 миллиард теңге, бюджеттен тыс қорларға - 1.6 миллиард теңге, Семей қаласы бойынша тиiсiнше 1,0 миллиард теңге және 539,7 миллион теңге болды.

    Екi қала бойынша шығын шегушi кәсiпорындардың саны өсе беруде. Осының бәрi кәсiпорындардың төлемдiк қабылетсiздiгi мен олардың банкроттығының өсуiне әкелiп соғуда. Шаруашылық iстер жөнiндегi комиссия 1997 жылғы және үстiмiздегi жылғы I тоқсанда Семей қаласы бойынша 52 кәсiпорынды, Өскемен қаласы бойынша 11 кәсiпорынды банкроттар деп тапты.

    Бюджеттiң және бюджеттен тыс қорлардың толықтыруларын арттыру, кешiктiрiлген жалақы және жалпы өзара берешектердi кемiту мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:

    1. Өскемен қаласының әкiмi А.А.Лукиннiң және Семей қаласының әкiмi В.С. Бутиннiң дебиттiк және кредиттiк берешектердi кемiту және жалақы бойынша берешектердi қысқарту жөнiндегi жұмыстарының жеткiлiксiздiгi атап көрсетiлсiн.

    2. Өскемен қаласының әкiмi А.А.Лукиннен және Семей қаласының әкiмi В.С. Бутиннен өзара берешектердi кемiту және жалақы бойынша, бюджетке және бюджеттен тыс қорларға берешектердi қысқарту жөнiнде неғұрлым жауапты және мақсатты жұмыс жүргiзу талап етiлсiн.

    Өзара берешектердi кемiту жөнiнде атқарылған жұмыс туралы ақпарат үстiмiздегi жылғы 5 тамызға, 5 карашаға және 1999 жылғы 5 ақпанға берiлсiн.

    3. Облыс әкiмiнiң орынбасары Ю.П.Швайченко өзара берешектердi кемiту және жалақы бойынша, бюджетке және бюджеттен тыс қорларға берешектердi қысқарту жөнiндегi комиссияның жұмысын жандандырсын, Өскемен және Семей қалалары комиссияларының кәсiпорындар мен ұйымдардың төлемсiздiктерi жөнiндегi жұмысына бақылауды күшейтсiн.

    4. Облыстық салық комитетi (Аханаев О.Қ.) банкрот кәсiпорындарды тарату кезiнде бюджетке берешектердi өтеуге қатаң бақылау орнатсын. Салық төлеушiлерден алымдардың түсуiне және қаржылық мiндеттемелерiн орындауға бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

    5. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.ә.) бюджеттiк±ұғымдардың шаруашылық субъектiлерiне берешектерiн өтеу жөнiнде шара қолдансын.

    6. Облыстық Казначей басқармасы (Юркина А.И.) Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұғымдар бойынша жалақы және бюджеттен тыс қорлар бойынша берешектердi қысқарту жөнiнде, сондай-ақ осы ұымдардың шаруашылық субъектiлерiне берешектерiн кемiту жөнiнде шара қолдансын.

    7. Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитет (Феофанова А.С.) темiржол көлiгiмен жүк тасымалдау және бағаның өсуi мен өндiрiстiң құлдырауына әкелiп соғатын электр қуаты көздерiне бағалар мен тарифтерге бақылау жасауды күшейтсiн.

    8. Ұлттық банктiң облыстық басқармасына (Бобаканова А.Т.) және екiншi дәрежедегi банктерге берiлетiн кредиттер бойынша проценттiк ставкаларды кемiту мәселесiн қарау және кәсiпорындардың айналым каражаттарын толыктыруға кредиттер алу процесiн женiлдету үсынылсын.

    9. Қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң назары кәсiпорындар мен ұғымдардың төлемдер проблемасына неғұрлым жауапкершiлiкпен қарауға, өзара берешектер мен жалақы бойынша берешектердi өтеуге жүйелi бақылауды жолға қоюға аударылсын.

    10. Осы шешiмнiң орындалу барысына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.С.Бергеневке жүктелсiн.

    Шығыс Қазақстан облысының әкiмi

    В.Метте

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.