«Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 тамыз 2016 ж.

    «Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған «Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

    2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 14/1 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4303 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпандағы «Регион.kz» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    3. «Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

    осы қаулының көшірмесін аумақтық әділет органына бір апта мерзімде жолдауды;

    осы қаулының ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

    осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

    осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қолдансын.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.

    Облыс әкімі

    Б. Бакауов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.