Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 264/3 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 264/3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 наурызда «Отарқа» № 11, 2015 жылғы 19 наурызда «Голос Экибастуза» № 11 газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Екібастұз қаласының әкімі
К. Нукенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.