Панфилов аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы «Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 435 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 тамыз 2016 ж.

    Панфилов аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы «Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 435 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы «Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 17 шілде № 3289 болып енгізілген, аудандық «Жаркент өңірі» газетінде 2015 жылдың 13 маусымда № 25 (8763) нөміріне жарияланған) № 435 қаулының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мағрупова Роза Азаматқызына жүктелсін.

    Аудан әкімі

    Б.Абдулдаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.