"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 37 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережені бекіту туралы»

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 37 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9781 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережеде:

    1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;

    8-тармақ алып тасталсын;

    14-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

    «4-1) жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;

    4-2) мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырыстарды орналастыру туралы шешім қабылдау;»;

    15-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «1-1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының есебін жүргізу;»;

    23-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «8) ведомстволық бағынысты ұйым басшысын, оның орынбасарларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлікпен келісу бойынша тағайындайды;».

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

    3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

    Қ. Бишімбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.