Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы

    ЖаңартылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 маусым 2026 ж.

    Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

    2. Облыстық мәслихаттың мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік саланың мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 134 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3275 тіркелген, 2008 жылғы 30 желтоқсанда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);

    2) «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік саланың мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 134 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 15 тамыздағы № 234 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4019 тіркелген, 2014 жылғы 9 қыркүйекте «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған).

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы

    С. ІЗІМБЕТОВ

    Облыстық мәслихаттың хатшысы

    С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.