Панфилов ауданы әкімдігінің 24 ақпан 2015 жылғы «Панфилов ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 113 қаулының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және «Нормативтик құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Панфилов ауданы әкімінің 2015 жылғы 24 ақпандағы «Панфилов ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 27 наурыз № 3114 тіркелген, аудандық «Жаркент өңірі» газетінде 2015 жылдың 11 сәуір № 16 жарияланған) № 113 қаулының күші жойылды деп танылсын .
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Курбанов Шухрат Бурхандиновичке жүктелсін.
Аудан әкімі
Б. Абдулдаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.