Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 244 «Зеленов ауданы бойынша 2016 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлері бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 244 «Зеленов ауданы бойынша 2016 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлері бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» Заңына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Зеленов ауданы бойынша 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 244 «Зеленов ауданы бойынша 2016 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлері бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4338 тіркелген, 2016 жылғы 17 мамырда «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгiзілсiн:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Зеленов ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы М.Залмұкановқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Аудан әкімі

    К.Жақыпов

    2016 жылғы 16 тамыздағы № 603 Зеленов ауданы әкiмдiгiнiң қаулысына қосымша

    2016 жылғы 6 сәуірдегі № 244 Зеленов ауданы әкiмдiгiнiң қаулысына қосымша

    Зеленов ауданы бойынша 2016 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

    Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері
    Оңтайлы мерзімдері
    3 құрғақ дала аймағы
    басталуы
    аяқталуы
    1
    Жаздық арпа
    2016 жылғы 1 мамыр
    2016 жылғы 10 маусым
    2
    Сұлы
    2016 жылғы 1 мамыр
    2016 жылғы 10 маусым
    3
    Жаздық бидай
    2016 жылғы 15 мамыр
    2016 жылғы 10 маусым
    4
    Күнбағыс
    2016 жылғы 10 мамыр
    2016 жылғы 10 маусым
    5
    Тары
    2016 жылғы 20 мамыр
    2016 жылғы 10 маусым
    6
    Күздік бидай
    2016 жылғы 15 тамыз
    2016 жылғы 10 қыркүйек
    7
    Мақсары
    2016 жылғы 15 мамыр
    2016 жылғы 10 маусым

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.