Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң өндірісі мен мұнай өнiмдерi айналымы саласында есептеуіш бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы

    Күші жойылғанҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң өндірісі мен мұнай өнiмдерi айналымы саласында есептеуіш бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы

    «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-1) бабының 5-2) тармақшасына және «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы:

    1) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі;

    2) мұнай өнiмдерiнiң өндірісі мен айналымы саласында есептеуіш бақылау аспаптары деректерінің операторы болып белгіленсін.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    К. Мәсімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.