Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы «Панфилов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 715 қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы «Панфилов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (2015 жылдың 11 қыркүйегінде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 3400 болып енгізілген, аудандық «Жаркент өңірі» газетінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 39 жарияланған) № 715 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Садыков Аскар Джумахановичке жүктелсін.
Аудан әкімі
Б. Абдулдаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.