"Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Күші жойылғанҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 392-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесінде:

    реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    1.
    Жезқазған- Жыланды
    1997 жылғы
    21 мамырдағы № 114
    мыс
    1,3 %
    «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
    2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы
    1 қаңтарға дейін
    күміс
    1,6 %
    қорғасын
    4,0 %
    2.
    Қоңырат
    1998 жылғы
    18 қыркүйектегі № 243
    мыс
    1,5 %
    «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
    2015 жылғы
    1 қаңтардан бастап
    2016 жылғы 1 қаңтарға дейін
    күміс
    1,6 %
    алтын
    2,0 %
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
    «
    6
    Жомарт
    2001 жылғы 25 сәуірдегі № 663
    мыс
    1,0 %
    «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
    2015 жылғы
    1 қаңтардан бастап
    2016 жылғы
    1 қаңтарға дейін
    күміс
    1,0 %
    ».
    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    К. Мәсімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.