Мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1400 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормалары
|
Р/с
№
|
Өрт сөндіру құралдары
|
Құрал-сайман саны
|
|||
|
Келетін адам саны
|
Турбазаларда (демалушы 100 адамға шаққанда)
|
||||
|
6-10 адам
|
10-30 адам
|
30 адамнан көп
|
|||
|
1
|
Өнімділігі минутына 600-800 литр өрт сөндіру мотопомпалары, дана
|
-
|
-
|
-
|
1
|
|
2
|
Күректер, дана
|
1
|
3
|
5
|
30
|
|
3
|
Балталар, дана
|
1
|
2
|
3
|
10
|
|
4
|
Сабалағыштар, дана
|
4
|
8
|
10
|
20
|
|
5
|
Қоларалар немесе бензин аралары, дана
|
-
|
1
|
1
|
10
|
|
6
|
Арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш-бүріккіштер, дана
|
1
|
3
|
5
|
8
|
|
7
|
12 литр су сиятын шелектер немесе резеңке ыдыстар, дана
|
1
|
3
|
5
|
30
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.