"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 желтоқсан 2014 ж.

    "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 597-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесінде:

    «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттері» деген 4-бөлімде:

    6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «6) Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттері:

    Р/с №
    бе­кет­тің
    ата­уы
    об­лы­стың неме­се қа­ла­ның ата­уы
    ав­то­жол­дың ата­уы
    1
    2
    3
    4
    1.
    Ер­кін
    Ал­ма­ты
    Ал­ма­ты – Өс­ке­мен, 270 км
    2.
    Қа­ра­бұ­тақ
    Ақ­тө­бе
    Са­ма­ра – Шым­кент, 965 км
    3.
    Мо­ло­деж­ный
    Қа­ра­ған­ды
    Қы­зы­лор­да – Пав­ло­дар – Успен­ка –
    Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы­ның ше­ка­ра­сы,
    1066 км
    4.
    Се­мей
    Шы­ғыс
    Қа­зақ­стан
    Ом­бы – Май­қап­ша­ғай, 757 км
    5.
    Қа­ра­ба­лық
    Қо­ста­най
    Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы­ның ше­ка­ра­сы
    (Ека­те­рин­бург­ке) – Ал­ма­ты, 422 км
    6.
    Бей­неу
    Маң­ғы­стау
    Дос­сор – Құл­са­ры – Бей­неу – Сай –
    Өтес – Шет­пе – Же­ті­бай – Ақ­тау
    пор­ты, 844 км
    7.
    Мам­лют­ка
    Сол­тү­стік
    Қа­зақ­стан
    Че­ля­бинск – Но­во­си­бирск, 496 км
    8.
    Қы­зыл Жар
    Аста­на қа­ла­сы
    Ека­те­рин­бург – Ал­ма­ты, 1281 км
    ».
    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

    К. Мәсімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.