«Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Жанбай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 cәуірдегі №8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасындағы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27–бабын басшылыққа алып, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 12 тамыздағы №01-06-13/13 ұсынысы негізінде, Жанбай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жанбай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі №8 «шектеу іс – шараларын белгілеу туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №3500 тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырында «Нарын таңы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Жанбай ауылдық округінің әкімі:
Е.Доскалиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.