«Сайлау учаскелерін құру туралы» Аршалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 02 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Сайлау учаскелерін құру туралы» Аршалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 02 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына сәйкес, Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Аршалы ауданы әкімінің «Сайлау учаскелерін құру туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 02 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 5206 тіркелген, «Вперед», «Аршалы айнасы» газеттерінде 2016 жылғы 02 ақпанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    № 164 сайлау учаскесінің таратылуына байланысты көрсетілген шешімінің қосымшасындағы 31 тармақ алып тасталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә.Қ. Балташевқа жүктелсін.

    3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аршалы ауданының әкімі

    А. Тайжанов

    Келісілді

    Аршалы аудандық сайлау

    комиссиясының төрайымы

    «28» 07 2016 жылғы Л. Асанова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.