Ақкөл ауданы әкімдігі қаулысының күшін жойғандығы тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы» Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № А-8/285 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4344 тіркелген, 2014 жылғы 19 қыркүйекте аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойғандығы танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Т. Едігенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.