Аудандық мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 тамыз 2016 ж.

    Аудандық мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Төмендегі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

    аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 ақпандағы № 135 «Шалқар аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3807 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 сәуірде «Шалқар» газетінде жарияланған) шешімі;

    аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 259 «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4720 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 ақпанда «Шежірелі өлке» газетінде жарияланған) шешімі;

    2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы:

    С. Бигеев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.