«Түлкібас ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Түлкібас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №200 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Түлкібас ауданыңың әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Түлкібас ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Түлкібас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №200 қаулысының қосымшасы мынадай мазмұндағы 2-1. тармақпен толықтырылсын:
«2-1. «Халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы №2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №602 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3496 нөмірімен тіркелген, 2016 жылы 8 қаңтарда «Шамшырақ» газетінде ресми жарияланған)».
2. Осы қаулының көшірмесі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне, аймақтық құқықтық ақпарат орталығына және аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетіне жолдансын.
Аудан әкімі
Ә.Тұрғымбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.