Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) «Абай ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 94 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 22 шілдеде 4609 нөмірімен тіркелген, «Абай елі» газетінде № 28 (388) 24 - 31 шілде 2016 жылғы нөмірінде жарияланған);
2) «Абай ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 95 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 12 шілдеде 4595 нөмірімен тіркелген, «Абай елі» газетінде № 28 (388) 24 - 31 шілде 2016 жылғы нөмірінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Мұқажанға жүктелсін.
Аудан әкімі
Т. Мүсәпірбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.