Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі «Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы» № 244/7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі «Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы» № 244/7 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3908 болып тiркелген, 2014 жылғы 21 тамызда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерiнде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ережеде:
20-тармақта 7), 21) тармақшалар алынып тасталсын.
2. «Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттiк мекемесi заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкiмi
Қ. Бозымбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.