Шымкент қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабы және 65-баптарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шымкент қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
Х.Сәрсенов
Қалалық мәслихат хатшысы
Н.Бекназаров
Шымкент қалалық мәслихатының
2016 жылғы 14 маусым
№3/36-6с шешіміне қосымша
Шымкент қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1) «Шымкент қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 мамырдағы №36/248-5с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2703 тіркелген, 2014 жылдың 20 маусымдағы №26 «Шымкент келбетi» газетiнде жарияланған);
2) ««Шымкент қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы №47/360-5с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3302 тіркелген, 2015 жылдың 7 тамыздағы №32 «Шымкент келбетi» газетiнде жарияланған);
3) ««Шымкент қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы №47/360-5с шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №50/393-5с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3383 тіркелген, 2015 жылдың 6 қарашадағы №45 «Шымкент келбетi» газетiнде жарияланған);
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.