«Есіл ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 18 мамырдағы № 42/265 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Есіл ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 18 мамырдағы № 42/265 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Есіл ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 18 мамырдағы № 42/265 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3269 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымдағы «Есіл таңы» және «Ишим» газеттерінде жарияланған):

    кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабы 5-тармағына, 444-бабы 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:»

    2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының сессия төрайымы, хатшысы

    А.Бектасова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.