«2016 жылға Қобда ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Қобда аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 7 «2016 жылға Қобда ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4842 тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірдегі «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2016 жылға Қобда ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы
Ж. АТАМҰРАТОВА
Аудандық мәслихаттың хатшысы
Ж. ЕРҒАЛИЕВ
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.