Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мыналардың:
1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 360 «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4562 тіркелген, 2015 жылғы 17 қарашадағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);
2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 18 «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 360 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4751 тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпандағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Ақтөбе облысының әкімі
Б. Сапарбаев
Жобаны енгізген:
«Ақтөбе облысының
ауыл шаруашылығы
басқармасы» ММ басшысы Қ. Ыбраймұлы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.