Ұлан ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 наурыз 2016 ж.

    Ұлан ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 21-1-бабына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ұлан ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    1) 2015 жылғы 12 наурыздағы № 205 «Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 3830 тіркеліп, 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 34 «Ұлан таңы» газетінде жарияланған);

    2) 2015 жылғы 12 наурыздағы № 210 «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3831 тіркеліп, 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 38 «Ұлан таңы» газетінде жарияланған);

    3) 2015 жылғы 16 наурыздағы № 217 «Ұлан ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3832 тіркеліп, 2015 жылғы 28 шілдедегі № 72 «Ұлан таңы» газетінде жарияланған);

    4) 2015 жылғы 16 наурыздағы № 217 «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 2 сәуірде № 3807 тіркеліп, 2015 жылғы 28 шілдедегі № 72 «Ұлан таңы» газетінде жарияланған);

    5) 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 284 «Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 19 мамырда № 3949 тіркеліп, 2015 жылғы 16 маусымдағы № 59 «Ұлан таңы» газетінде жарияланған).

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Н. Абдыкаримовқа жүктелсін.

    Ұлан ауданының әкімі

    Д. Батырбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.