2015 жылғы 26 мамырдағы № 415 ««Ұлан ауданы ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 - бабына сәйкес, Ұлан ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2015 жылғы 26 мамырдағы № 415 ««Ұлан ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық акт тіркеу тізілімінде 3978 нөмерімен 2015 жылғы 29 мамырда тіркелген, аудандық «Ұлан таңы» газетінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 57 санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қажановқа жүктелсін.
Ұлаң ауданы әкімі
Д. Батырбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.