Тасбөгет кентінің көшелеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы №4 қорытындысына сәйкес Тасбөгет кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің келесі көшелеріне:
1) №1 жобалық көшесіне «Қыпшақбай Юсуповтың» есімі;
2) №3 жобалық көшесіне «Әлжан Жалғасбаевтың» есімі;
3) №5 жобалық көшесіне «Сыздық Шажанбаевтың» есімі;
4) №7 жобалық көшесіне «Қамранбай Байдәулетовтің» есімі;
5) №9 жобалық көшесіне «Қалжан Тілеубергеновтің» есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары Е.Рахматуллаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тасбөгет кентінің әкімі
Ж.Алиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.