Көшеге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2 қорытындысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Жаңақорған кентіндегі «Май бекеті-1» көшесіне «Нұртаза Мырзахметов» есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзімде қалдырамын.
3. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған кентінің әкімі
К. Сапарбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.